Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет69/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   304
Тәрбие 
Оқыту 
Білім беру 
Адамның 
рухани 
дүниесін, 
дүниетанымдық көзқарасын, дене күштерін 
дамытуға бағытталған мақсатты процесс 
Оқушы мен мұғалім арасында жүйелі 
жүргізілетін 
мақсатты 
әрекет 
жасау 
нәтижесінде оқушының білім, іскерлік, 
дағдысы, 
танымдық 
шығармашылық 
белсенділігінің қалыптасу процесі 
Оқыту мен үйрету нәтижесінде жеке 
тұлғаның дамуына әсер ететін процесс 


76 
т.б. ықпал жасайды. Сонымен бірге адамның жетілуі және даму, өзін-өзі 
тәрбиелеу ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын 
толықтырады.
Ептілік 
– меңгерілген білім, өмір тәжірибесі мен өмірде қалыптасқан 
дағдылардың негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті саналы және өз 
бетімен орынддауға даярлығы. 
Дағды
– көп қайталаудың нәтижесінде қажетті іс-әрекетті орындауда 
байқалатын практикалық қызметтің компоненті. 
Қалыптасу 
– 
барлық 
факторлардың: 
экологиялық, 
әлеуметтік, 
экономикалық, идеялогиялық, психологиялық және т.б. әсерімен адамның 
әлеуметтік құбылыс ретінде жетілу процесі. Қалыптасу 

адамзаттың жеке 
тұлға ретінде толысуы, тұрақтануы, жетілуі. 
Жеке тұлға
– психологиялық қасиеттері мен физиологиялық даму 
ерекшеліктері, даралығы қалыптасқан жан иесі. 
Әлеуметтену 
– адамның қоршаған орта мен қоғамның құндылықтарын,
нормаларын қарым-қатынасқа түсу арқылы бойына сіңіруі.
Қайта тәрбиелеу
– тәрбиелік ықпалдар жүйесі, оқушының мінез-құлқы 
мен 
іс-әрекетіндегі 
ауытқушылықтарды 
түзету, 
орынды 
сапаларын 
қалыптастыру. 
Педагогикалық процесс
– тәрбие мен оқыту мақсатының оқушы мен 
мұғалімнің бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүзеге асуы. 
 Іс-әрекет 
– адамның қоршаған ортамен өзара саналы әрекеті, қарым-
қатынасы.
Педагогика 
ғылымы 
бірнеше 
қызметтер 
атқарады: 
түсіндіру, 
диагностикалау, болжамдау, жобалау, түрлендіру, рефлексивтік және 
түзетушілік, тәрбиелік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет