Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет208/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Инварианттық компонент 
– өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша 
мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін 
оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі. Ол оқушылардың жалпы мәдени 
және ұлттық мәні бар құндылықтарға араласуын, олардың қоғамдық идеяға 
сәйкес жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Вариативтік компонент
– оқушылар мектеп ұсынған арнаулы 
курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу 
жоспарының вариативті бөлігі. Ол оқушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың 
қызығушылығы мен бейімділігін ескеруге мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасы жалпы орта білім жүйесі 
аясындағы білімнің жалпы нормаларын сақтай отырып, оқушыны саралап 
оқытудың түрін таңдау құқын қамтамасыз етеді 
Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселе 
«Не үшін оқытамыз?»
деген 
сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы 
нәтижелер нақтыланады.
Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген білім,білік, дағдылар(ББД) 
емес өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе 
«Оқушыны оқуға 
қалай үйрету?»
деген сұрақпен байланысты (97-сурет).
 


228 
 
 
Сурет - 97. Білім сапасын қамтамасыз ету жолдары
 
Демек, мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалын дайын 
күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді өз бетінше 
іздестіруге қажетті қасиеттермен (білік, дағды, тәсіл және т.б.) қаруландырады. 
Осындай ұстанымды ұйымдастырған оқу процесінің нәтижесінде оқушылар 
өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады. 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет