Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1 69 Ғарыш құрылғыларының спутник жүйелері Ғарыш құрылғылары 5.4-сурет Inmarsat жүйесінің серіктерін пайдаланып, автокөлік құралдарының
орналасқан жері мониторингі жүйесі жұмысының схемасы
Терминалдың құрамына телеметрияға немесе навигацияға
арналған қосымша жабдық кіруі мүмкін.
IRIDIUM жүйесі (LEO) алты орбита бойынша 700 км
биіктікте Жерді айналатын 79 төмен орбиталық ҒА тұрады.
Мұхиттардың акваторияларын жабуға қосымша полюстің
қасындағы орбиталар IRIDIUM клиенттеріне полюстік өңірлерде
де
байланысты
пайдалануға
мүмкіндік
береді.
Жүйеде
қызметтердің тізбесі болжамдалады: телефон байланысы, IRIDIUM
пейджеріне алфавиттік цифрлық хабарламаларды беру, шақыруды
қайта жолдау, конференц-байланыс, факсимильді хабарламаларды
беру, дауыс поштасы, ұялы желілер стандартында жұмыс істеу
мүмкіндігі, 2 400 бит/с жылдамдығымен деректерді беру және т.б.
ORBCOMM (LEO) жаһандық жылжымалы байланыс жүйесіне 36
микросерік (төртеуі екі поляр қасындағы орбиталарда және 45°
еңісімен төрт орбиталық жазықтықтарда сегізден) кіреді;
орбитаның биіктігі 775 км. Жүйенің негізгі функциялары
коордианттары және объектілердің жай-күйлері туралы деректерді
автоматтандырылған жинау, электронды пошта және ORBCOMM