Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
17 0 және СНС GPS автономды навигация арқылы пайдаланушының
ОЖА қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызмет көрсету аймақтарын қамту бойынша жүйе толық
көлемде жаһандық жүйелерге жатады. Ғарыш сегменті әлемнің
түрлі елдерінен, соның ішінде АҚШ, Канада, Ресей, ОАР, Нигерия,
Оңтүстік Америка елдерінен абоненттермен жұмысты қамтамасыз
етеді.
ҒА борттық жабдығының құрамында дециметрлік және метрлік
диапазондар және антенна кешендерінің қабылдағыш-жібергіш
құрылғылардан басқа CНС GPS аппаратурасы қарастырылды.
«Жер – серігі» арнасы (жиіліктердің жұмыс диапазоны 137... 138
МГц) TDMA/FDMA құрамдастырылған стандартта деректерді беру
үшін пайдаланылады (мобильді объектіге беру жылдамдығы 2,4
Кбит/c), ал кері (14,8.149,9 МГц жолағы) — FDMA стандартында
(беру жылдамдығы 4,8 Кбит/c). Жердегі сегментке кіретін торапты
станциямен байланыс үшін, 57,6 Кбит/с жоғары жылдамдықты
арна пайдаланылады. ORBCOMM серігінде GPS жүйесінің
қабылдағышы орнатылған, ол абоненттің координаттарын
автономды
анықтауды
қамтамасыз
етеді,
өйткені
серік
орбитасының параметрлерін есептеу бортта жүргізіледі және тек
жердегі емес, сонымен қатар мобильді пайдаланушыларға да
жіберіледі. Координаталарды анықтау дәлдігі қызмет көрсету
аймағындағы қабылдаудың жұмыс жиілігінің диапазонына және
серіктердің санына байланысты екені айқын, алайда әзірлеушілер
тіпті ең нашар жағдайда (жиілігі 137 МГц, бір серік) қатесі 1100 м
аспайды.