Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
19 1 ■
нақты уақыт режимінде объективті, солай субъективті
факторларға негізделіп, тасымалдауға тапсырмаларды
түзетуді жүргізу мүмкіндігімен ұтымды маршрутты желісін
құру
(мысал
ретінде
—
жеткізбеу
тәуекелін
минимизациялау және қоршаған ортаға теріс әсерлерін
азайту мақсатында оңтайлы шешімдерді түрлендіру);
уақыттың ағымдағы сәтінде КҚ ЖҚ дәл жағдайын анықтау
және диспетчерлік қызметке деректерді беру.
Бұл міндеттердің әрқайсысы белгілі бір тапсырыс
берушінің қажеттілігіне қарай белгілі бір өзгерістерге ие болуы
мүмкін, алайда оларды бір ғана жағдай – диспетчердің КЖК
жұмысы біріктіреді. Әдетте, КЖК салу үшін жол атластары,
карталар, сұлбалар қолданылады. Формалды жоспарлауда КЖК
төбелер мен оларды жалғастырушы доғалардың (қабырғалар,
төбелер) жиынтығы түрінде модельдеп ұсыну өте жиі
қолданылады. Жоспарлау кезінде төбелер ескеруге тұрарлықтай
шынайы қиылыстар мен бекеттердің бейнесі болып табылады,
мұндай жерлерде автомобиль парктері, жүк жөнелтушілер, жүк
алушыларды орналастыру орындары болуы мүмкін. Көше, өту
жолдары және жолдар доға ретінде беріледі,
егер рұқсат берілген
бағыттардың астын сызып көрсету маңызды болса, олардың
бағыты нұсқармен көрсетіледі. Қала көшелері, даңғылдар,
алаңдар, өту жолдары, тұрғын үй құрылыстары және т.б.
аудандардың атаулары көрсетілген анықтамалық КЖК ДБ қажетті
қосымша құрал болып табылады.
КЖК қосымшасын қолдана отырып орындалған, КЖК
қабатымен көліктік аймақтың электронды картасын құрудың
ақпараттық базасы қағаз планшеттер негізінде құрылған масштаб
картасы 1:10000 аэрофототүсіру нәтижесі негізінде үнемі
жаңартылып отырады. Электронды картаның аталмыш қабат
базалары үйлер, кварталдар, жасыл алаптар, су объектілері,
көшелердің осьтік сызықтары, темір жолдар, платформалар, метро
жолдар, көпірлер, қоршаулардың геометриялық сипаттамаларын
қамтиды.
6.4-суретте тиеу-түсіру нысандарына қатысты көлік
құралдарының орналасу орны мен ағымдағы жай-күйін
бейнелейтін АЖО диспетчердің таблицалық үлгісі берілген.