Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет235/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

21
7
фирмасының Smart Suite және Microsoft фирмасының Microsoft Office. 
Microsoft  Office  Professional  пакеті  бір  немесе  бірнеше 
компьютерлері  және  құжаттардың  аз  мөлшері  бар  кіші  және  орта 
кәсіпорындарда  (осы  нарық  сегментінің  90%  дейін)  кеңінен 
қолданылады.  Құжаттама  үлкен  көлемі  бар  мекемелердегі,  сондай-ақ 
барлық  ірі  кәсіпорындардағы  құжатайналымды  автоматтандыру  үшін 
арнайы 
құжатайналымды 
басқару 
кірістірілген 
пакеттері 
пайдаланылуы керек. 
Корпоративтік  кітапханаларды  және  мұрағаттарды  басқаруды, 
олардың өлшемі мен ұйымдық күрделілігіне  қарамастан, жеңілдететін 
көптеген дайын шешімдердің бірі Open Text компаниясының БӨ болып 
табылады.  Techlib  жүйесінің  компания  әзірлеген  BASIS  интерфейсіне 
негізделген,  ол  Интернетте  орналастырылғын  құжаттармен  жұмыс 
істеудің  стандартты  жиынтығымен  қатар,  сақтық  көшірмелеуге, 
тексеруге,  ақпаратты  қалпына  келтіруге,  рұқсатсыз  кіруден  қорғауды 
орнатуға мүмкіндік береді. 
Іскери процестерді және оларды іске асыру үшін қажетті ақпаратты 
байланыстыратын  кірістірілген  пакет  технологиясының  негізгі 
ережелерін іске асыру үшін, бұрынғы жұмыс үстелінің БЖ икемді және 
жақсы  бейімделетін  таратылатын  инфрақұрылымға  біріктіру  қажет. 
Workflow  технологиясы,  әдетте,  келесі  аспектілерді  ортақ  пайдалану 
арқылы осы мақсатқа қол жеткізеді: 
■ 
бизнес  процесінің  түрлі  операциялары  мен  олар  үшін 
қажетті деректерді сипаттау; 
■ 
осындай  процестің  операциялары  арасындағы  басқару 
ақпараттық ағынын сипаттайтын іскерлік ережелерді айқындау; 
■ 
бизнес-процестер  шеңберінде  орындалатын  міндеттерге 
қатысты рөлдер мен жауапкершіліктерді белгілеу; 
■ 
нақты 
мердігерлердің 
рөлі 
мен 
жауапкершілігін 
анықтайтын негізгі ұйымдық модельді пайдалану. 
«Workflow»  термині  қазақ  тіліне  «жұмыс  ағымы»  (немесе  «жұмыс 
үрдісі»)  деп  аударылады.  Өндірушілер,  пайдаланушылар,  сарапшылар 
мен  ғалымдардан  тұратын  WfMC  (Workflow  Management  Coalition  – 
жұмыс 
ағымдарын 
басқару 
Коалициясы) 
халықаралық 
консорциумының  өкілдері  жұмыс  процесін  басқару  жүйелерінің 
стандарттарын әзірлеу және экономиканың әртүрлі секторларында осы 
технология туралы білімді тарату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет