22 4 WWW серверлерінің саны артқаны байқалады. Серверлерде ақпарат арнайы үлгіде әзірленген гипермәтіндік файлдар түрінде сақталады. Файлдарда сурет, дыбыс және т.б. қамтитын басқа да файлдарға сілтеме пайдаланылуы мүмкін. Сілтемелер солWWW серверінде ғана
емес, сонымен бірге Интернет желісіне қосылған басқа да серверлерде
орналасқан файлдарды көрсетуі мүмкін.
Жаһандық желіде топқа біріктірілген хабарламалар (мәтіндік
құжаттар түрінде) сақталатын электрондық конференциялар серверлері де бар. Конференциялардың басым бөлігі Интернеттің
(жаһандық конференция) барлық желісіне қолжетімді. Интернет
желілерін пайдаланушылардың шекті ортасына қолжетімді жергілікті
конференциялар да, сондай-ақ қызықтыратын конференцияларға
жазылу мүмкіндігі де бар. Бұл ретте пайдаланушылар олар таңдаған
конференциядан жаңа хабарлама ала алады.
Интернет желісінде пайдаланушыларға өз консоліне (экраны мен
клавиатурасына) қолжетімділік беретін серверлер бар. Әдетте мұндай
серверлер ОС Unix басқаруымен жұмыс істейді. Компьютер консоліне
қолжетімділік алу үшін Интернет желісіне қосылып, Telnet атауымен