Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
22 0 зерттемесі - машиналық өңдеуге жарамды PIF (Process Interchange
Format & Framework – процесстер алмасу формасы мен құрылымы),
бірақ та мұнда жұмыс ағынын басқаруға қажетті мамандандырылған
болмыс пен атрибуттар жоқ.
Кәсіпорындар менеджменті үдерістік әдістемеге сәйкес дәл
процеске қатысушылардың ережелері мен өзара әрекеттеріне назар
аударған, себебі бұл аспектілер бұлыңғырлық пен белгісіздікке
байланысты шығындардың негізгі орталықтары болып табылады.
Олардың функцияларының реттілігі мен орындалу уақытын, құжат
маршруттарын, процестің әр түрлі кезеңдеріндегі қызметкерлердің
жұмыспен қамтылуын автоматты түрде қадағалауға арналған
құралдардың болу қажеттілігі сөзсіз Workflow класындағы жүйелердің
үшінші буынын құру қажеттілігіне әкеледі.
Кәсіпорындағы
Workflow
жүйесін
енгізу
мынадай
артықшылықтарға ие:
•
кәсіпорын үшін – құпиялылықты арттыру және ақпаратқа
қол жеткізуді қатаң бақылау арқылы процестерге жетектеу мен
басқарудың ұтымды әдістерін енгізу;
•
клиент үшін – процестің жай-күйі туралы ақпаратты
ұсынудың айқын болуына байланысты қызмет сапасы мен тиімділігін
арттыру;
•
қызметкерлер үшін – функциялардың нақты тізбесі бар
әрбір қызметкерге жұмыстың ұтымды ұйымдастырылуы;