Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
22 2 нысан дамыту ортасы, Windows және Java клиенттерін, Lotus Notes,
Microsoft Exchange интерфейстерін және EDI деректерді электронды
алмасу танымал сервер жүйесін қолдайтын сценарий тілі. Сондай-ақ,
Bizflow 2000 икемді интернет мүмкіндіктері, W4 интернет-нұсқасының
айтарлықтай жетістігі, SERdocware/SERbainware құжаттар өңдеу және
оқыту жүйесі бар SERfloware интеграциясының жоғары деңгейі, Baan
ERP ұйымдастыру үлгісі бар COSA Workflow түйістіруі, MQseries
Workflow
ішіндегі
XML
қолданып,
басқа
қолданбалармен
оңтайландыру және біріктіру құралдары, кеңейтілген InTempo өрістету
мүмкіндіктері, Eastman EW графикамен жұмыс істеу құралдары мен
Visual Workflow-дағы құжат айналымын қолдау аталынады.
Электрондық құжат айналымы жүйесін таңдау келесі критерийлерді
ескере отырып, жүзеге асырылады:
•
басқа
АБЖ,
ДБ
және
ДҚ
интеграцияның
қарапайымдылығы;
•
игеру жеңілдігі және пайдаланушылар жұмысының
қолайлылығы;
•
желі режімінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
•
жүйенің бағдарламалық модульдерінің жұмыс істеу
сенімділігі;
•
рұқсатсыз кіруден қорғау дәрежесі.
Ресей нарығы құжаттарды басқаруды автоматтандыруға арналған
бағдарламалардың кең таңдауын ұсынады. Lotus Notes бағдарламалық
өнім – жеткілікті қуатты, функционалдық мүмкіндіктердің әр түрін
қамтиды. Оны маңызды ағымдағы мәселелерді орындау үшін,
электрондық поштамен интернетті шолуға, веб-беттерді қарауға, іс-
шаралар жоспарын жасау үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ,
кеңінен пайдаланылатындар: «1С: Электронды құжат айналымы», «1С:
Электрондық пошта», «Галактика» - «Құжатайналымды басқару»
модулі және т.б. Ұсынылған БӨ Workflow класының жүйелеріне
толықтай үйлесімді емес екендігін айта кету керек.