5 1 Сызбада қосымша (дайындаушының қарауы бойынша)
қажетті сандық сипаттамалар берілуі болады. Мысалы,
құжаттарды тапсыруды белгілейтін жолақтарда бөлшек алымы
әріптік – цифрлық белгілерде немесе құжат санында білдірілген
берілетін ақпараттың ортаңғы көлемін, ал бөлшектің бөлімі –
берудің ортаңғы жиілілігін білдіретін бөлшек түрінде осы
ағымның сандық сипаттамасын жазады. Екінші кезең — бар
болатын басқару жүйесінде деректерді өңдеудің ақпараттық
ағымдары мен алгоритмдерін зерттеу және талдау (құжаттар,
массивтер, процедуралар (міндеттер) және процедураларды
нақты талдау сызбасын сипаттау және баяндау).
Талдауды орындау үшін осы кезеңде алынған жартылай
қорытылған мәлімет келесі бланкілерде ұсынылуы тиіс:
«Құжаттар»; «Массивтер»; «Процедуралар».
Шешім қабылдау процесіне бағыт алу түрлі деңгейлі ішкі
жүйелердің қызмет жүргізуіне қажетті ақпарат ағымының бағыты
мен күшін, ір құжаттың арнауын, өзгерту шегіне сәйкес деректер
мен оны дайындауға қажетті алгоритмдер, әр құжатты дәйекті
пайдалануды бақылауды дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Жобаланған ақпараттық ағымдар бар жүзіндегі ақпараттан
елеулі түрде айырмашылығы болады. Бұл ретте ақпаратты
қалыптастыру, беру және өңдеу процесі аталған процестің
операцияның тұтас кешені логикалық бөлінбейтін аяқталған
бөлімін білдіретін қарапайым операциялар қатарына бөлінеді.
Қарапайым операция оны орындаудың құралы мен тәсілдерімен
сипатталады және сызба бетінде бөлек тікбұрыштармен
белгіленеді. Уақыт желісінде және кеңістіктегі операциялар
реттілігі қарапайым операцияларды қосатын нұсқалармен
көрсетіледі. Желісіз жүретін операциялар үзінді сызықты
нұсқалармен қосылады.
Операцияны белгілейтін әр тікбұрыш бес бөлшекке бөлінеді.
Оларда көрсетіледі:
аталған операцияны орындаушы немесе оның
орындалуы үшін жауапты тұлғаның лауазымы;
оны орындау барысында пайдаланылатын техникалық
құралдар;
мәнді мазмұнын жеткілікті түрде толық және бір
мағыналы анықтайтын операциялар атаулары;
операция басының орташа уақыты және максималды
одан ауытқуы;
операция орындалуының ортаңғы және максималды
созымдылығы.
Осындай сызба көмегімен операция кешенінің орындау
процесінің әр түрлі сандық сипаттамасын және ақпарат