7 6 қолданушылар үшін практикалық құндылыққа ие, нақты әлем
объектілерінің олардың байланыстарымен жиынтығының ДҚ көрінісі.
ДҚ пайдалану деректер мен бағдарламалардың тәуелсіздігін,
деректер арасында қатынастарды іске асыруды, ДҚ компоненттерінің
үйлесімділігін, ДҚ логикалық және физикалық қоры өзгерісінің
қарапайымдылығын, ДҚ тұтастығын, қалпына келтіру мен қорғау
және т.т. қамтамасыз етеді.
Деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) өзі келесі екі негізгі
функцияларды орындайды:
■
құрылымдық ақпаратты (деректерді) беру мен сақтау;
■
құрылымдық ақпаратқа сақтауға берілетін кейбір
сұраныстарды түрлендіру.
ДҚБЖ әрқайсысы объектілер арасындағы өзара байланысты
көрсететін белгілі модельге негізделеді. Деректердің иерархиялық,
желілік және реляциялық модельдері бар. Заманауи ДҚБЖ көпшілігі
реляциялық модельді қолданады. Осындай модельдің көмегімен
пәндік саладағы объектілер мен олардың арасындағы өзара байланыс
ұсынылуы мүмкін.
ДҚБЖ ДҚ жұмысы кезінде келесі мақсаттар көзделеді:
сақталатын деректердің артығын қысқарту, деректер қорының барлық
қосарланатын жазбаларды автоматты түзету және қолдау көмегімен
сақталатын деректердің үйлеспеуін жою, бағдарламаны әзірлеу құнын
кеміту, сондай-ақ ДҚ қойылатын сұраныстарды бағдарламалау
процесін жеңілдету.
Бөлінген ақпараттық өңдеуге және бөлінген деректер қорына (БДҚ) ауысу бірқатар жетістіктерге ие, әсіресе, қолданушылардың
деректері қосарлануы мүмкін болған жағдайда, мысалы, жүргізушілер
мен жылжымалы құрам бойынша анықтамалар. Қосарланудың
артықшылығы жұмыс станцияларында фрагменттерді сақтау
құнының артуына қарай кемиді. Алайда, кейбір жағдайларда
қосарлану орынды, өйткені жүйенің істен шығуларға тұрақтылығы
артады. Бұл ретте, ДҚ тұтастығын қолдау үшін барлық көшірмелерді
түзету талап етіледі. Қосарлануды жоюдан алынатын пайда,
леректерді таңдау көлемі мен оларды жаңартудың кезеңділігі
арасалмағына барабар.
БДҚ құру деректерді өңдеудің екі үрдісінен туындаған: бір
тараптан – кіріктіру, ал екінші тараптан – орталықсыздандыру. ДҚ
бөлінген құрылымы түпкілікті қолданушылар мен бағдарламалардың
желінің жұмыс станцияларында ақпаратты орналастыру әдісіне
тәуелсіздікті болжайды, ал БДҚ сұраныс жасау орталықтандырылған
ДҚ сұранысына ұқсас жүргізіледі. Деректерге қойвлатын бірлескен
қолжетімділік
бірнеше
қолданушылардың,
БДҚ
тұтастығын