Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
9 1 Ethernet технологиясы бойынша желілік хаттаманы іске асыру
жеткілікті төменгі құнға ие, желінің коммуникациялық жабдығы бір-екі
бағдарлауыштардан, коаксиальды кабельден және желілік адаптерден
тұрады, оның құны олар орнатылатын компьютерлер құнымен
салыстырғанда жоғары емес.
Қолданушылар ағымдағы сәтте қуатты клиенттік станцияларда жұмыс
істей отырып, аудио және бейнефрагменттерді беруді, мультимедиялық
қосымшаларды таратуды орындай отырып, желінің өткізу қабілетінің
жетіспеушілігін сезіне бастады. Ол одан әрі RISC-, сондай-ақ Intel-
процессорлары ретінде құрылған серверлерден көрінеді. Осы саладағы
негізгі шешім әртүрлі қосалқы желілерде жұмыс істейтін бірнеше желілік
адаптерлерді қолдану болып табылады.
ЖЕЖ салудың барынша жетілдірілген схемасы екі қолжетімді
жылдамдыққа емес, желі компьютерлері үшін жылдамдықтардың
барынша түбірлі иерархиялық желілеріне сүйенуі тиіс. Онда
компьютерлердің сегментке біріктірілген, әрбір тобының және әрбір
жекелеген компьютердің қажеттіліктерін барынша анық және аз
шығынмен ескеруге болады. Желінің сегменттері арасындағы арна
жұмыстарының жылдамдықтарын келісу үшін, бірақ сегменттен
сегментке деректерді беруды ұйымдастыратын шоғылануларды емес,
пакеттерді буферлейтін – коммутаторлар мен бағдарлауыштармен
траифкті өңдейтін құрылғыны қолдану қажет.
Заманауи қосымшалармен құрылатын трафиктің үлгісін талдау, олар
үшін қызмет көрсету сапасы әртүрлі мағынадан тұратын және әртүрлі
параметрлермен сипатталатын, абоненттердің негізгі бірнеше үлгілері
үшін бөлуге мүмкіндік берді. Тұрақты битті жылдамдықтағы нақты уақыт
трафигі әдетте тұрақты өту жолағын ұсынуды талап етеді, мұндағы
қызмет көрсету сапасы түсінігіне ұсынылатын өткізу қабілетінің шамасы
ғана емес, сонымен қатар, әрбір пакетті беру кідірісінің шамасы – әдетте
кідірудің орташа уақыты мен оның түрленулерінің шамасы кіреді.
Егерде компьютерлік трафик лүпілді сипатқа ие болатын болса және
нақты уақыт трафигі болып табылатын болса, онда әдетте өткізу
қабілетінің параметрлерін қамтамасыз ету жеткілікті, ал кідіріс шамалары
туралы ойланбауға болады. Қосымшаның деректерді беруінің орташа
жылдамдығын және қарқындылықтың максималды түсуін дәл бағалау
жағдайы үшін, қызмет көрсету сапасы түсінігінің – жеткілікті ұзақ уақыт
аралығы ішінде желімен абонентке берілетін өткізу қабілетінің жоғары
және төмеңгі шегі ретінде жеңілдетілген түсініктемесін қолданады.