Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет293/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

9.3.


26
3
өзара әрекет ететін ДК құруға мүмкіндік береді. 
Мысалы,  олар  бір  уақытта  көптеген    тосыннан  интерактивтік 
процестерді  ұстап  тұра  алады.  Сөзді  және  басқа  тілден  синхрондық 
аударманы  тану  қалыпты  іске  айналады.  Барлық  ДК  бейнекамерамен 
жарақталады. Ал биометрия, мысалы саусақ іздері мен адамның түрін 
тану құралы пайдаланушыларды анықтап танудың стандартты тәсіліне 
айналады.  Көп  режимді  интерфейстер  компьютерге  қалам  және 
дауыстың көмегімен бір уақытта түрлі тәсілдермен жүгінуге мүмкіндік 
береді. Бұдан басқа, интерфейстер үш өлшемді болады. 
Осының  арқасында  дисплейдің  нақты  мүмкіндіктерін  тиімді 
пайдалануға  болады.  Компьютерлер  пайдаланушыға  барынша  мұқият 
болады, сонымен бірге бір уақытта сондай жауап талап етеді. Бұған қол 
жеткізу  үшін  IBM  және  басқа  да  компаниялар  көздің  белгілі  бір 
бұрыштарында  тор  қабығы  жанатын  (фотода  адамдардың  өзі  қызыл 
болып  түсіп  қалатын  кездер  болады)  қасиетке  негізделген 
пайдаланушының  көз  қозғалысын  бақылап,  тіркеу  технологиясымен 
жұмыс істеуде. 
Қазіргі  уақытта  мұндай  технология  физикалық  кемістігі  бар 
адамдарға  көмекке  келуде.  Алайда  бұл  барынша    кеңінен 
пайдаланылуы  мүмкін.  IBM  фирмасы,  мысалы,  нақ  пайдаланушы 
парақшада  қосымша  ақпаратпен  танысуға  ұсыныспен  сол  немесе  өзге 
баннерді қарап, іске қосатын браузерді көрсетті.  
Егер  ақпаратты  көрсету  құралдары  жайлы  одан  әрі  айтар  болса, 
онда  голографиялық  видео  туралы  еске  салып  кеткен  жөн.  Holovideo 
жобасының  аясында  MIT  Media  Lab  зертханасының  Spatial  Imaging 
Group  бөлімшесі    видео  стандартына  жақын  жылдамдықпен 
компьютерлік  голограмма  жасауға  қабілетті  нақты  уақыттың 
графикалық  жүйесін  құрумен  жұмыс  жүргізуде.  Қазір  екі  тәжірибелі 
дисплей үлгісі әзірленді. 
Nokia  Internet  Communications  бөлімшесінің  маркетинг  бойынша 
вице-президенті  П.  Лундмарктің  айтуынша,  пайдаланушы  интерфейсі 
құрылғыларының  үш  негізгі  сыныбы  дамиды,  олардың  бір  ортақ 
ерекшелігі  –  оларды  пайдаланушының  жеке  артықшылығына  сәйкес 
қиындықсыз баптауға болады: 

ұялы телефон сияқты, микробраузермен толықтырылған бір
қолмен басқарылатын аспаптар;

Palm  ҚДК  ұқсас  қаламмен  енгізетін  құрылғы,  бұл  PDA
немесе қол сағаты сияқты құрылғы;

тізеге  немесе  үстелге  орналастыратын  құрылғы:  блок-
ноттық  және  үстелдік  ДК,  PC  Communicator  —PDA
мүмкіндіктерімен зияткерлік телефон.
Құрылғыны біріздендіру пайдаланушыға PDA  және ұялы телефон 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет