Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет292/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

26
2
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ   
ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН 
ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
Таяу  жылдары  жалпы  мақсаттағы  үстел  компьютері    өткен  20 
жылға  қарағанда,  көп  өзгерістерге  ұшырауда.  Алайда  осында  өзгеріс 
барысында  ДК  өзінің  маңызын  жоғалтқан  жоқ,  бірақ  оларға  ең  түрлі 
жаңа  қызықты  құрылғылармен  толықтыруға  болады.  Басында 
мэйнфреймдер болды, олардың әрқайсысы көп адамдарға қызмет етті. 
Сосын ДК дәуірі  келді және пайдаланушы өз иелігіне жеке компьютер 
алды.  Келесі  кезеңде  бір  адам  бірнеше  есептеу  құрылғыларын 
пайдалана алады. 
Барлығын  қамтитын  цифрлық  ортаның  жаңа  әлеміне  көшу  бізге 
жартылай  өткізгіш  технологияларын  дамытуға  жәрдемдеседі.  Кей 
сарапшылар  оған    сәйкес  бір  кристалда  транзисторлардың  саны  әр  18 
айда  еселенетін  Мура  заңы  біртіндеп  күшін  жоғалтатынын  айтса  да, 
басқалары бұдан еш негіз көріп отырған жоқ. 
Мура  заңы  жады  дайындау  мен  деректер  сақтау  технологиясына 
қатысты  да  қолданылады.  Флеш-картадағы  қатты  денелі  жадының 
көлемі  алдағы  уақытта  1,3  Тбитке  дейін  артады.  Мұндай  карталарды 
құрылғыға  орнатуға  немесе  жеке  сақтауға  болады.  Бұл  ретте  онда 
сақталған деректер нақты құрылғыға байлаулы болмайды. 
Бірқатар  сарапшылардың  айтуынша,  флеш-картада  немесе 
MicroDrive    диководының  IBM  шығарған  компакттік  есте  сақтайтын 
құрылғысында  сақталған  барлық  дербес  деректері  ДК-да  ұстамай, 
өзімен  бірге  алып  жүруге  болады,  ал  оған  қолжетімділік  үшін  кеңсе 
немесе  үйде  оның  құрамдас  бөлігі  болатын  жазық  панелді  дисплейді 
пайдалануға  болады.  Осындай  жағдайда  деректер  ұялы  телефон  мен 
PDA-дан  (дербес  цифрлық  көмекшілер)    бастап  электрондық  кітаптар 
мен  газеттерге  дейін  кез  келген  мобильдік  құрылғыдан  қолжетімді 
болады. 
Оқыған  кезде  жаңа  жаңалықтармен  толығатын  бір  беттік 
электрондық  газеттер  мен  журналдар  пайда  болады.  Олар  арзан 
мерзімді  баспасөз  сияқты  жіңішке,  жеңіл,  икемді,  сонымен  бірге 
серпінді  және  қайта  жазатыны  болады.  Xerox  компаниясы 
миллиондаған  кездейсоқ  бөлінген  микро  қосындысы  бар  гирикон 
(ашық  пластиканың  жіңішке  қабаты)  әзірледі.  Электр  қысымының 
әрекетімен  бұл  қосынды  растрлық  бейнелер    құра  отырып,  өзгере 
алады. 
10  жылдан  кейін  Athlon  процессоры  50  мм  тараптар  мөлшерімен 
кристалда  0,07-микрондық  технология  бойынша  шығарылады  деп 
күтілуде,  4  ГГц  астам  такттік  жиілігі  болады.  Аса  қуатты  есептеу 
құралы, сарапшылардың айтуынша, пайдаланушымен мүлдем басқаша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет