Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет10/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   369
Клавдий
Гален
(б.э.д. 130-201 жж.) болды. Ол 
организмге көзқарастарында, бір жагынан 
Платонның идеализмі мен Аристотельдің 
теологиясын дамытты, ал екінші жағынан, 
организмді зерттеуді материалистік тұр- 
ғыдан жүргізді, яғни іс жүзінде 
эклектик
болды. Платонның жолын қуушы ретінде ол, организмді үш ағза: вена 
тамырларымен таралатын физикалық “пневма” жасап шығаратын 
бауыр; артериялар бойынша берілетін тіршілік “пневмасын” жасап 
шыгаратын жүрек және нервтер бойымен таралатын психикалык 
пневманы - ми басқарады деп есептеді.
Аристотельдің теологиялық ережелерін басшылыққа ала отырып
Гален организмге ең жоғары суретшінің жоспары бойынша ең биік 
мақсат үшін жасалган таңғажайып машина деп қарады. Осындай 
идеалистік көзқарастармен қатар Галеннің материалистік көзқарастары 
да қосарлана жүрді. Ол адам денесі тығыз және сүйық бөліктерден 
тұрады деп есептеді.
Галеннің материализмі организмді зертгеуге калай келуінен де 
байқалады. Ол организмді науқас адамдарды бақылау және жануарлар 
өліктерін жарып көру арқылы зерттеді. Ол бірінші болып тірі организмді 
тіліп, ағзалардың жүмысын бақылау (
вивисекция
) әдісін колданып, 
экспериментах медицинаның негізін салушы болды. Бүкіл орта ғасыр бойы 
медицинаның негізі Галеннің анатомиясы мен физиологиясы болды.
Феодализм дөуірінде (V-XII ғғ.) медициналық шығармалардан тек 
Галеннің еңбектері таралды, оның өзінде дін иелері материалистік 
мәнін сығып алды. Олар жоғары жоспар бойынша адамды, яғни 
құдайдың жаратуы туралы Галеннің идеалистік және теологиялық 
көзқарастарын насихаттауға қамқорлық жасап, оны сынағандарды 
қудалап отырды. Галеннің ілімін осылай схоластикалық және догмалық 
ілімге айналдырып, шіркеу бүкіл феодализм дәуірі бойында галенизм- 
нің үстем болуын қамтамасыз етіп, анатомияның және жалпы медици-
13


наның одан әрі дамуына кедергі жасады. 
Батые 
Европада 
да 
осылай 
болды. 
Католицизм әсерінен тысқары болған 
Шығыста медицина одан әрі дамыды.
Русь шоқынғаннан кейін, онда право- 
славиемен бірге византиялық мәдениет 
таралып, көне ғылымның ең тәуір туын- 
дыларын пайдаланған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет