Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет171/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   369
бунак, phalanx
media
 
және дисталды бунақ, 
phalanx distalis.
 
Тек бас бармақта ғана екі -
проксималды және дисталды бунақ болады. Ол барлык жануарларда 
басқа саусақтарына қарағанда нашар дамыған да, тек адамда ғана күшті 
жетілген. Проксималды бунақтың негізінде сәйкесті алақан сүйектің 
жұмыр басымен буындасуға арналған жалғыз буын шұңқыры, ал 
ортаңғы және дисталды бунақтарда қырқашықпен бөлінген екі-екіден 
жалпақ шұңқырлар болады. Олар ортасында оймасы бар шығыршық 
пішінді сәйкесті проксималды және ортаңғы бунақтардың бастарымен 
буындасады. Бунақтың шетінде бұдырмақ, 
tuberositas phalangis distalis.
Қол ұшының алақан сүйектер - бунақтар және бунақаралық буындар 
аймағында сіңірлердің бекіген жерлерінде дәнтәрізді сүйектер жатады. 
Олар бас бармақта тұрақты болады да, ал басқа саусақтарда тұрақты 
емес.
С ү й е к т е н у . 
Қол ұшы адамның сүйек жүйесін рентгендік зерттеу 
үшін ең қолайлы объект болып табылады. Жаңа туған нәрестенің қол 
ұшының рентгенограммасынан тіпті қүрсақта даму (2-айдан бастап) 
кезінде негізгі сүйектену нүктелерін сүйектердің диафиздерінде көруге 
болады. Қуысты сүйектердің эпифиздері мен білезік сүйектері әлі де 
дамудың шеміршекті сатысында болғандықтан, олар рентгенограммада 
көрінбейді. Одан әрі қол ұшы қаңқасының жасқа байланысты мынадай 
өзгерістері байқалады.
1. 
Білезік сүйектері мен қуысты сүйектердің эпифиздерінде 
сүйектену нүктелерінің ретімен пайда болуы.
Білезік сүйектерінің сүйектену мерзімдері мен ретін оңай есте сақтау 
үшін мына тәсілді пайдалануға болады: егер қол ұшы рентгено- 
граммасын саусақтарын томен және кәрі жілік жиегін оңға қарай 
алдымызда ұстасақ, онда білезік сүйектерінде сүйектену нүктелерінің 
пайда болу реті басты сүйектен бастап сағат тілінің жүруіне қарай сүйекті 
ядросының пайда болу мерзімі, оның қырқаларының санына сәйкес (3 
жыл) келетін ескеру керек; одан әрі сүйектену мерзімін білу үшін әрбір 
көрші сүйекке (сағат тілі жүрісімен) біржылдан қосу жеткілікті. 
Нәтижесінде білезік сүйектерінің сүйектену реті былай болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет