Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет229/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   369
Тоқпан-кәрі жілік буыны 
capi- 
tulum humeri кәрі жілік басындағы 
шұңқырмен буындасуынан түзіледі 
де пішіні шартәрізді, бірақ іс жүзінде 
онда қозғалыс шынтақ буыны үшін 
ғана мүмкін екі білік айналасында 
жасалады, өйткені ол соңғының 
бөлігі ғана болып табылады және 
оның қимылын шектейтін шынтақ 
жілікпен байланысқан.
Проксималды кәрі-шынтақ 
жі- 
лік 
буыны 
өзара 
буындасатын 
circumferentia articularis radii және 
incisura radialis ulnae-ден тұрады, 
цилиндр пішінді. Тоқпан жіліктегі 
буын қапшығы арт жағынан шынтақ 
шұңқырының үштен екі бөлігін, ал- 
дыңғы жағынан тәждік және кәрі 
жілік шұңқырларын қаусырып, айдаршық үстілерін бос қалдырады. Ол 
ulnae де incisura trochlearis-тің жиегіне бекиді. Кәрі жілікте мойнына 
бекіп, алдыңғы жағынан синовиалды қабықтың томпағын - recessus 
sacciformis түзеді. Қапшықтың алдыңғы және артқы жақтары бос, ол 
бүйір жақтарында көмекші байламдар бар: ulnae жағынан lig. collaterale 
ulnare, кәрі жілік жағынан lig. collaterale radiale, бұлар фронталды 
біліктердің шеттерінде және оған перпендикулярлы орналасқан. Lig. 
collaterale ulnare тоқпан жіліктің медиалды айдаршық үстінен басталып, 
incisura trochlearis ulnae-нің бүкіл медиалды жиегіне бекиді. Lig. 
collaterale radiale тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстінен 
басталып, кәрі жіліктің басын алдынан және артынан екі аяқшасымен 
қаусырып, incisurae radialis ulnae-ның алдыңғы және артқы жиегіне 
бекиді. Екі аяқша арасында кәрі жіліктің мойны мен басын қосып, 
доғатәрізді оралып өтетін фиброзды талшықтар жатады. Бұл талшықтар 
lig. anulare radii деп аталады. Сақинатәрізді байламның горизонталды 
жазықтықта вертикалды айналу білігіне перпендикуляр орналасуына 
байланысты байлам кәрі жіліктің қозғалысын осы білікті айнала 
бағыттап, айналу үшін кедергі келтірмей оны ұстап тұрады.
192


Шынтак буынындағы козғалыстар екі түрлі. Біріншіден, онда білек 
фронталды білік айналасында бүгіліп әрі жазылады. Бүл козғалыстар 
шынтак жіліктің тоқпан жілік шығыршығымен буындасқан жерінде іске 
асады, бүл кезде кәрі жілік те capitulum бойымен сырғанай қозғалады. 
Фронталды білік айналасында козғалыс көлемі 140° тең.
Екінші қозғалыс кәрі жіліктің вертикалді білікті айналуы түрінде 
тоқпан-кәрі жілік буынында, сондай-ақ проксималды және дисталды 
кәрі-шынтақ жілік буындарында жасалады, сөйтіп, бүлар үйлесімді 
айналмалы буындар болып табылады. Кәрі жіліктің төменгі шеті кол 
үшымен байланыста болғандықтан, олардың қимылы бір-біріне тәу- 
елді. Кәрі жілік бүрыш жасай шынтак жілікті киып, ал қол үшы сырт 
жағымен алға қараған (қол төмен түсіп түрғанда) қозғалысты пронация, 
pronatio, деп атайды. Білектің екі сүйегі де бір-біріне параллель орна- 
ласып, ал қол үшы алақан жағымен алға қарай бүрылатын (пронацияға 
қарама-қарсы) қозғалыс супинация, supinatio, деп аталады. Білек 
пронациясы мен супинациясы кезіндегі қозғалыс көлемі шамамен 140°.
Жануарларда бастамасы ғана болған білек сүйектерінің пронация 
мен супинацияға қабілеті ағашқа өрмелеп, үстау қызметінің артуына 
байланысты приматтарда жетіле түсті, дегенмен тек адамда ғана еңбек 
етудің әсерімен ол барынша дамыды.
Шынтақ буыны аймағының рентгенограммаларында тоқпан жілік- 
тің дисталды бөлімі мен білек сүйектерінің проксималды бөлімдерінің 
бір уақыттық кескіндері алынады. Артқы және бүйір суреттерде бүл 
бөлімдердің жоғарыда сипатталған барлық бөлшектері көрінеді. Бүйір 
суретте trochlea мен capitulum humeri бір-біріне қабаттасады да, соның 
салдарынан бұл түзілістердің көлеңкелері қабаттасқан дөңгелектер 
тәрізді болады. Articulatio humeroulnaris, articulatio humeroradialis, art. 
radioulnaris proximalis-тердің “рентгендік буындық саңылаулары” 
жақсы көрінеді.
Артқы рентгенограммада тоқпан-кәрі жілік буыны саңылауы 
айырықша айқын білінеді, бүйір суретте ұзына бойы тоқпан-шынтақ 
жілік буын саңылауы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет