artt. intermetacarpeae, негіздерімен
бір-біріне жанасатын соңғы төрт алақан сүйектердің арасында жатады, бұл
сүйектердің негіздерінің тереңде буындасатын беттері берік байламдармен,
ligg. metacarpea interossea, байланысып-қосылады. Алақан сүйекаралық
буындар қапшықтары көлденең өтетін сыртқы және алақандық байлам-
дарымен, ligg. metacarpea dorsalia et palmaria, нығайтылады.
Бас бармақтың білезік-алақан сүйек буыны, art. carpometacarpea
pollicis, басқа білезік-алақан сүйектер буындарынан мүлдем оқша-
уланған және құрылысы мен қозғалғыштығы жағынан олардан тіпті
өзгеше. Ол os trapezium мен I алақан сүйегінің негізі арқылы өтетін
сагитталды біліктер айналасында қозғалыс жасауға мүмкіндік береді.
Бұл біліктердің біріншісінің айналасында оның алақан сүйегімен коса
бас бармақ бүгіліп, жазылады, бірақ білік толықтай көлденең өтпей-
тіндіктен, саусақ бүгілген кезде шынашақ пен басқа саусақтарға қарсы
қойылса, алақан жаққа қарай ығысады. Бұл қозғалыс қарсы қойылу,
oppositio, деп аталады: кері қозғалыс repositio деп аталады. Сагитталды
біліктің айналасындағы қозғалыстардың мәні бас бармақты сұқ
саусақтан алыстатып, жақындатуда. Алыстатып, жақындатқан кездегі
қозғалыс көлемі 45-60° және қарсы қою мен қозғалыс кезіндегі көлемі
37-40°. Бұл айтылғандардан басқа тағы да circumductio болады. Адам
эволюциясы үрдісінде оның еңбек әрекетіне байланысты I саусақтың
ертоқымтәрізді буыны күшейді. Мәселен, неандерталь адамында бұл
буын, сірә, қысыңқы болған да, сондықтан осы адамға қарағанда тек
аздаған қозғалыстар жасай алған.
5.
Алақан сүйектер-бунақтар буындары, art. metacarpophalangeae,
алақан сүйектерінің дөңес бастары мен проксималды бунақтар негізіндегі
шұңқырлар арасында жатады, пішіні жағынан эллипстәрізділерге
жақындайды. Байлам аппарат алақан сүйектері бастарының шынтақ жілік
пен кәрі жіліктік беттеріндегі шұңқырдан проксималды бунақтар негізінің
бүйір жақтарына қиғаш келетін екі қосалқы байламнан,