Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет24/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   369
Б. А. Долго-Сабурое
(1900-1960) 
болды, ол өзінің қызметкерлерімен (В. М. Гординов, В. В. Куприянов 
және т. б.) бірге ұстазының ісін одан әрі қарай дамытты.
Михаил Григорьевич Привес
1905 жылы туған ғылымға еңбегі 
сіңген қайраткер. Ол 40 жыл (1937-1977) И. П. Павлов атындағы 
Ленинград медициналық институты анатомия кафедрасының мең- 
герушісі болып қызмет атқарды. М. Г. Привес Кеңес уақытында үлкен 
анатомдар мектебін құрып: өзінің шәкірттерімен бірге әртүрлі 
мамандықтар анатомиясы, спорттық, ғарышкерлер және тірі адамның 
қан тамырларының анатомиясы атты тақырыптарда ғылыми жұмыстар 
жүргізді. М.Г. Привестің “Адам анатомиясы” оқулығы 5 рет орыс 
тілінде басылымнан шықты (соңғысы 1985 ж.).
Василий Васильевич Куприянов
1912 жылы туған, Н. И. Пирогов 
атындағы ІІ-ші Мэскеу Медицина институтыныц анатомия кафед- 
расының меңгерушісі, академик, Бүкілодақтық анатомия, гистология 
жэне эмбриология қогамы Президиумының төрағасы, Кецес одагыныц 
мемлекеттік сыйлыгыныц лауреаты.
Қантамырларын инъекциясыз зерттеу әдісінің жаңа бағытын құрды. 
Ол шәкірттерімен бірге микроциркуляторлық арнаның қүрылымына 
талдау жасаған. Морфология ғылымының тарихы бойынша ірі маман.
26


ir
/
14 - с у p e т.
В. В. Куприянов
15 - с у р е т.
Д. А. Жданов (1908-1971)
Оның 1981 жылы шыққан (Г. О. Тетевосянцпен бірге) “Отечественная 
анатомия на этапах истории” деген кітабында Кеңес Одағындағы 
анатомия ғылымының шығу тарихы мен оның дамуы толык баянда- 
лады.
В. Н. Шевкуненко
(1872-1952) КСРО медицина Ғылым Акаде- 
миясының академигі, С. М. Киров атындағы Ленин орденді Әскери 
медицина академиясының профессоры, Н. И. Пирогов негізін салған 
анатомиядағы қолданбалы бағытты дамытты. Өзінің шәкірттерімен 
(Ф. И. Валькер, С. С. Михайлов, А. Н. Максименков, А. Н. Сресели және 
т.б.) бірге дара өзгергіштіктің ең шеткі формалары туралы ілім жасады. 
Нерв және вена жүйелерінің ол толық зерттеген варианттары “Шеткі 
нерв және вена жүйелерінің атласында” баяндалады, бүл еңбегі үшін 
В. И. Шевкуненко мен оның шәкірті және кафедра бойынша мүрагері 
А. Н. Максименков мемлекеттік сыйлык алды.
Г. Н. Иосифов
(1870-1933) Томск, одан кейін Воронеж медицина 
институтының анатомия профессоры, лимфа жүйесінің анатомиясы 
бойынша білімді едәуір кеңейтті. “Лимфа жүйесінің анатомиясы” атты 
монографиясы Г. М. Иосифовқа дүние жүзілік даңқ әкеліп кеңес 
анатомиясының жоғары деңгейін көрсетті. Г. М. Иосифов анатомдар 
мектебін құрды, оның аса көрнекті өкілі КСРО Медицина Ғылым 
Академиясының академигі, И. М. Сеченов атындағы 1 Мәскеудегі 
медицина институтының кафедра меңгерушісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет