байламның барынша дамуы осыған байланысты, ол адам денесіндегі
байламдардың ең мықтысы, 300 кг салмаққа төтеп береді.
2. Lig. pubofemorale қасаға сүйегінен кішкене ұршыққа қарай созыла
және буын қапшығына қосыла өрлеп, буынның медиалды-төменгі
жағында орналасады.
3. Lig. ischiofemorale шонданай сүйегі аймағында буынның артынан
acetabulum жиегінен басталып, ортан жілік мойны үстінен қапшыққа
қосыла өрлей, үлкен ұршықтың жиегінде аяқталады. Ол ортан жіліктің
ішке қарай айналуына кедергі жасап, lig. iliofemorale-нің латералды
бөлігімен бірге түсіруді тежейді.
4. Дөңгелек аймақ, zona orbicularis сипатталған бойлық байлам-
дардың астында буын қапшығының терең қабаттарынан бастама алған
талшықтар ортан жіліктің мойнын ілмек түрінде қаусырып, spina іііаса
anterior inferior астында сүйекке бітісіп-өседі. Zona orbicularis-тің
дөңгелектене орналасуы ортан жіліктің айнала қозғалуына сәйкес
келеді.
Тірі адамда байламдар шегіне жете керіліп-тартылмайды, өйткені
буын шеңберіндегі бұлшықеттердің кернеуі оны тежейді.
Байламдардың көптігінен, ұршық буынының буын беттерінің иық
буынымен салыстырғанда тым қисықтығы мен конгруенттігінен бүл
буынның қозғалысы иық буынына қарағанда шектеулі, бұл осы буында
көбірек орнықтылықты қажет ететін аяқтың қызметіне байланысты.
Буын қозғалысының шектеулілігі мен беріктігінен бұнда иық буынына
Караганда буынның тайып кетуі аздау кездеседі.
Түрлі проекцияларда жасалған ұршық буынының рентген сурет-
терінде бір мезгілде жамбас сүйегі мен ортан жіліктің кескіні барлық
анатомиялық бөлшектерімен қоса алынады.
Буын ойығы рентгенологиялық тұрғыдан түбі және қақпағы деп
бөлінеді. Ойық түбі медиалды жағынан конустәрізді ақшылмен
(“көзжасы фигурасы”) шектелген, ол буын ойығының қақпағы (fossa
acetabuli-дің жоғарғы жиегі) дөңгелектелген, патологиялық жағдай-
ларда ол сүйірленеді. Рентгенограммада буын басы, caput femoris,
шартәрізді пішінді және контуры тегіс. Бұған fovea capitis femoris
жатпайды, онда бүдыр жиекті шұңқыр байқалады: оны сүйектің бұзылу
ошағы деп шатасып қалмау керек. Ортан жіліктің ұршықты ойыққа еніп
тұрған басы мен acetabulum арасында “рентгендік буын саңылауьГ
айқындалып түратыны көрінеді.
Жыныстық, жасқа және дене бітіміне байланысты ерекшеліктер
туралы ой-пікір айтуға келгенде ортан жіліктің мойыны мен диафиз
арасындағы бұрышты есепке алудың маңызы күшті. Тірі адамда бүл
бұрышты рентген сәулесі көмегімен анықтауға болады. Ересек ер
адамда ол 130°-135° аралығында, балаларда үлкендеу, қарттарда
кішілеу, еркектерге қарағанда, әйелдерде кішілеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: