бұлшықеттер де, mm. interspinales, медиалды жолға жатады. Бұлар
омыртқа бағанасының ең қозғалғыш
мойын және бел бөлімдерінде
жақсы дамыған.
Омыртқа бағанасының ең қозғалғыш жері - оның шүйдемен
буынында, m. transversospinalis айрықша дамыған; ол бұл жерде екі
қиғаш және тік - 4 жұп бұлшықеттен тұрады; олар m. semispinalis және
т . longissimus астында орналасады.
Қиғаш бұлшықеттер жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.
Жоғарғы қиғаш бұлшықет, m. obliquus capitis superior, ауыз
омыртқаның көлденең өсіндісінен linea nuchae inferior-re қарай
шығады. Бастың төменгі қиғаш бұлшықеті, m. obliquus capitis inferior, II
мойын омыртқаның қылқанды өсіндісінен I мойын омыртқаның
көлденең өсіндісіне қарай шығады. Тік бұлшықеттер үлкен және кіші
болып бөлінеді (125-сурет). Бастың артқы тік үлкен бұлшықеті, т .
rectus capitis posterior major, II мойын омыртқаның қылқанды
өсіндісінен linea nuchae inferior-re бекиді. Бастың артқы тік кіші
бұлшықеті, m. rectus capitis posterior minor да сол сызыққа I мойын
омыртқаның tuberculum posterius-ынан келеді. Біржақты жиырылғанда
олар бастың сәйкес жаққа бұрылуына, ал екіжақты жиырылғанда оның
артқа қарай шалқаюына қатысады.
Арқаның аутохтонды бұлшықеттерінің бәрінің жалпы қызметі - бұл
бұлшықеттер тұлғаны жазады (тіктейді). Бұл бұлшықеттер бір жағында
сол жақтағы бүккіш бұлшықеттермен бір мезгілде жиырылғанда
омыртқа бағанасын және онымен қоса тұлғаны өз жағына қарай
қисайтады. Аутохтонды бұлшықеттердің қиғаш будалары, rotatores,
multifidi, омыртқа бағанасын айналдырады. Бұлшықеттің бассүйекке
жақын жатқан жоғарғы бөлімдері бастың қозғалыстарына қатысады.
Терең арқа бұлшықеттері тынысалу қозғалыстарына да қатысады. М.
iliocostalis қабырғаны түсіреді; ал жоғарғы бөлігі оны көтереді. М.
erector spinae омыртқа бағанасы жазылған кезде ғана емес, тұлға
бүгілген кезде де жиырылып, қозғалыстың бірқалыпты болуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: