Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет266/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   369
т. latissimus dorsi,
өзінің 
жоғарғы бөлігімен трапециятәрізді бұлшықеттің төменгі шетінің 
астында жатып, арқаның бүкіл төменгі бөлігін алып жатады. Ол соңғы 
торт (кейде бес және алты) кеуде, барлық бел және сегізкөз 
омыртқаларынан, сондай-ақ мықын қырының артқы бөлігінен, төрт 
тісше арқылы төменгі төрт қабырғадан басталады. Бұл тісшелер іштің 
сыртқы қиғаш бұлшықеттерінің артқы тісшелерімен кезектесіп 
отырады. Арқаның аса жалпақ бұлшықетінің талшықтары басталған 
жерінен жоғары және латералды түйісетін бағытта жүріп, тоқпан 
жіліктің crista tuberculi minoris-на бекиді. Өзінің басталатын бөлігінде, 
арқаның аса жалпақ бүлшық еттері бел аймағында fascia thoracolum- 
balis-пен қосылып-бітіскен ауқымды апоневроз түзеді.
Қызметі.
Иықты жазып, пронациялайды, көтерілген қолды түсі- 
реді. Бұлшықет тоқпан жілік арқылы эсер етіп, иық белдеуін де сол 
бағытта қозғалтады. Бүлшықет қабырғаға бекитіндіктен, қол қозғалмай 
түрған жағдайда кеуде торын кеңейтіп, тыныс алуға, сондай-ақ тұлғаны 
қолға тартып, жақындатуға (мысалы, арқанмен жоғары өрмелегенде) 
жәрдемдеседі. Маймылдар түлғасын жоғары тартып көтере ала-
243


тындықтан, денесін бұтақтан бұтаққа лақтырып жеткізе алады (қолдың 
көмегімен жүру-брахиация), маймылдарда аса жалпақ арқа бұл- 
шықетінің күшті дамуы және адамда оның едәуір сақталуы (фило- 
генездің қалдық әсері) осыған байланысты.
3 . Р о м б т ә р із д і б ұ л ш ы қ е т , т. r h o m b o id e u s ,
 
трапециятәрізді бұл- 
шықеттің астында жатады, пішіні ромб табақша сияқты. Екі төменгі 
мойын және төрт жоғарғы кеуде омыртқаларынан басталып, spina 
scapula-дан томен қарай бағытталып, жауырынның медиалды жиегіне 
бекиді.
Қ ы з м е т і.
 
Жиырылған кезде ромбтәрізді бұлшықет жауырынды 
омыртқаға жоғары қарай тартады. Ол m. serratus anterior-дың антогонисі 
ретінде, онымен бірге жауырынның медиалды жиегін кеуде торына 
жақындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет