178
с у р е т. Ш апты ң б етк ей
сақ и н асы ж ә н е тер іасты саңы лауы .
1
lig. in gu in ale; 2
anulus in gu in alis
su p e r fic ia lis; 3 - crus m ed iale; 4 - crus
laterale; 5 - hiatu s saphenu s; 6
cornu
inferius; 7 = v. sap h en a m agna; 8
m a rg o fa lcifo rm is; 9 - cornu superius.
magna өтеді (178-сурет). Жоғар-
ғы мүйіз,
cornu superius,
шап
байламына
бекіп және оның
астында бұрылып, lig. lacunare-re
бітісе өседі. Hiatus saphenus
fascia cribrosa-мен жабылған (ол
лимфа тамырларымен шұрық-
тана тесілген санның теріасты
шелмайы), ол margo falciformis-пен бітісіп кетеді.
Сан бұлшықеттерін
қоршайтын fascia lata бұлшықеттер арасында сүйектерге бекитін
тереңге қарай кететін өсінділер береді. Бұл өсінділердің біреуі санның
бүйір жағында жатады және санның латералды бұлшықетаралық
қалқасы, septum intermusculare femoris laterale деп аталады. Ол linea
aspera femoris-тің латералды
ернеуіне бекіп, m. vastus lateralis-ті артқы
сан бұлшықеттерінен бөлінеді (атап айтқанда, m. biceps femoris-тен).
Басқа бұлшықетаралық қалқа, septum intermusculare femoris mediale,
санның медиалды жағына орналасады
және әкелуші бұлшықеттердің
алдында, labium mediale linea aspera-ға бекиді.
Бұлшықетаралық қалқалардан басқа, fascia lata кейбір бұлшық-
еттердің жиегімен екі табақшаға ажырап, олар үшін
тұйық қынаптар
түзеді. Fascia lata едәуір тығыз, әсіресе санның бүйір бетінде, сол жерде
оған сіңірлі талшықтар қосылып бітіседі (179-сурет). Ол бұл жерде
Достарыңызбен бөлісу: