Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


m y s , грек­ ше - тышқан;  т у о



Pdf көрінісі
бет53/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   369
m y s
, грек­
ше - тышқан; 
т у о ,
 
грекше - бұлшықетті) (28-сурет).
Кейін миотомдардан дененің бұлшықеті дамиды. Тері табақшасы 
тері эктодермасын астарлап, одан терінің дәнекер тінді қабаты дамиды. 
Склеротомдардан мезенхималық қаңқатекті жасушалар дамиды, олар 
нерв түтікшелері мен хорданың айналасына жиналып, омыртқа, 
қабырға және омыртқааралық дискілердің бастамасы болып табылады. 
Хорданың қалдықтары омыртқааралық дискілерде филогенездік 
тұрғыдан өте маңызды іркілдек ядроларға айналады. Склеротомдар 
қаңқаның басқа бөлімдерін түзуге де қатысады.
48


2 8 - с у р е т. Ү р ы қ д е н е с і н і ң к ө л д ен ең к е с ін д іс і (үлгі).

нерв т ү т ік ш е с і, 2 
х о р д а , 3 - қолқа, 4 - ск л ер о т о м ,
5 - м и о т о м , 6 - д е р м а т о м , 7 - бір ін ш іл ік ішек, 8 
д е н е қуысы (ц ел о м ).
Сегменттік аяқшалардың немесе нефротомдардың (nephros грек- 
ше - бүйрек) үрықтық дамуында омыртқалы жануарлар мен адамның 
зәр шығару ағзалары дамуының тарихи жолы өте айқын көрінеді.
Нефротомдар ұрық денесінің бас жағындағы үшынан бастап қүйрык 
ұшына қарай бас, дене және жамбас бөліктерінде орналасып, түрлі 
түзілістерге бастама береді.
Спланхнотомдар немесе бүйір табақшалар (мезодерманың сегмент- 
телмеген бөлігі), дененің екіншілік қуысын - целом (coeloma, грекше - 
қуыс) түзеді, соның нәтижесінде әрбір спланхнотом (оң және сол) екі 
жапырақшаға бөлінеді: қабырғақасылык немесе париеталды қабат 
(paries, латынша - қабырға), ол дене қабырғасын астарлайды және 
эктодермаға түйісіп жатады (қүрсақ қуысы жағынан). Ішкі немесе 
висцералды қабат (viscera, латынша - ішкі ағзалар), ол ішкі ағзалардың 
сірлі қабығын қалыптастыруға қатысады. Целом жүрекқап, өкпеқап 
және іш қуыстарына бастама береді.
Барлық үрық қабаттарынан өсінділі жасушалар бөлініп шығып, 
ұрық денесі мен үрықтан тыс бөліктердегі үрық қабаттары мен үрықтык 
бастамалар арасындағы кеңістіктерді толтырады. Олардың жиынтығы 
үрықтың бүкіл денесінде және одан тыс таралатын ерекше үрықтық 
бастама 
мезенхима болып табылады. Генетикалық жағынан бүл 
бастама біртекті емес, одан барлық ағзалар қүрамына кіретін көптеген 
тіндер дамиды.
4— 2 1 0
49


Алғашқы кезде мезенхима трофикалық қызмет атқарып, қоректік 
заттарды ұрықтың түрлі бөліктеріне өткізсе, кейін одан қан мен қан 
жасаушы тіндер, лимфа, қантамырлары, лимфа түйіндері, көкбауыр 
дамиды.
Склеротомдар 
мен 
тері 
табақшаларының 
бұрын 
аталған 
туындыларынан басқа мезенхимадан: а) жасушааралық заты мен 
жасушаларының сипаты және мөлшері жағынан өзгешеленетін 
талшықты дәнекер тіндер (сіңірлер, буын қапшықтары, шандырлар 
және т. б.); ә) шеміршектер мен сүйектер, тегіс салалы бұлшықет пайда 
болады.
5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет