Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет81/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   369
( к а м б и й л і )
о р н а л а с к а н
о с т е о б л а с т т а р
е с е б і н е н
і с к е
а с ы р ы л а д ы .
С ү й е к т і ң б у ы н б е т т е р і н б у ы н ш е м і р ш е к т е р і , c a r t i l a g o a r t i c u l a r i s , ж а у ы п
ж а т а д ы .
С ө й т і п ,
м ү ш е р е т і н д е г і с ү й е к ү ғ ы м ы н а с ү й е к т і ң н е г і з г і
м а с с а с ы н қ ү р а й т ы н с ү й е к т і н і , ж і л і к м а й ы , с ү й е к к а б ы ғ ы , б у ы н
ш е м і р ш е г і ж ә н е к ө п т е г е н н е р в т е р м е н к а н т а м ы р л а р ж а т а д ы .
71


СҮЙЕКТІҢ ДАМУЫ
Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді 
жасушалар - остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін 
атқаратын жасушааралық сүйек заты жасап шығарады. Қаңқа 
дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек 
тіндер негізінде дамиды. Сүйектенудің (остеогенездің) мынадай 
түрлерін ажыратады:
1. 
Эндесмалды сүйектену
(еп - ішкі, desme - байланыстырғыш) 
алғашқы, жабынды сүйектердің дәнекер тіндерінде жүреді.
Болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер тінінің белгілі бір 
бөлігінде остеобласттардың әрекеті нәтежесінде 
сүйекті заттың
аралшъщтары
(сүйектену нүктесі) пайда болады. Бірінші орталықтан 
сүйектену үрдісі сүйекті заттың шет жақтарына қарай үстемелей өсуі 
(аппозиция) арқылы сәуле тәрізденіп жан-жаққа таралады. Жабынды 
сүйек қалыптасатын дәнекер тіннің беткі қабаттары сүйек қабығы 
түрінде қалады, сүйек қабығы жағынан сүйек қалыңдап өседі. Мәселен, 
су омыртқалыларында (мысалы, сүйекті балықтар) перихондралды 
остеогенез арқылы барлық рычактардағы сияқты ең көп ауырлык 
түсетін (сүйектенудің алгашқы ядролары) сүйектің тек ортаңғы бөлігі 
сүйектенеді. Мұндай жағдай қосмекенділерділерде де байқалады, бірақ 
оларда балықтарға қарағанда сүйектің ортаңғы бөлігінің көбісі 
сүйектенеді. Құрлықта тіршілік етуге түпкілікті көшуге байланысты 
қаңқаға көбірек функционалдық талаптар қойылады. Ол суға қараганда 
құрлықта қозғалудың қиыдығына және сүйекке көбірек ауырлық 
түсуіне байланысты. Сондықтан құрлықта тіршілік ететін омырт- 
қалыларда екінші сүйектену нүктелері пайда болады, олардан бауырмен 
жорғалаушылар мен құстарда эндохондралды отеогенез арқылы 
сүйектердің шеткі бөлімдері де сүйектенеді. Сүтқоректілерде буын- 
дасуға қатысатын сүйектердің ұштарында, тіпті дербес сүйектену 
нүктелері пайда болады. Мұндай рет адам онтогенезінде де сақталады, 
онда да сүйектену функцияға байланысты және сүйектердің ауырлық ең 
көп түсетін орталық бөліктерінен басталады.
Мәселен, қүрсақта дамудың екінші айында алғашқы нүктелер пайда 
болады, олардан ең көп ауырлық көтеретін сүйектердің негізгі 
бөліктері, яғни жілік сүйектердің денелері немесе диафиздер, 
метафиздер және диафиздің ұштары дамиды. Олар пери- және 
эндохондралды остеогенез арқылы сүйектенеді. Содан кейін туылуға 
жақындағанда немесе туғаннан кейінгі алғашқы жылдары екінші 
нүктелер пайда болады да, олардан эндохондралды остеогенез арқылы 
жілікті сүйектердің буындасуына қатысатын сүйектердің үштары, яғни 
эпифиздер түзіледі. Шеміршекті эпифиздің ортасында пайда болған 
сүйектену ядросы жайылып өсіп, кеуекті заттан құралған сүйекті 
эпифизге айналады. Бастапқы шеміршек тінінен бүкіл өмір бойы буын
72




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет