Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет117/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   369
eminentia cruciformis,
ал олардың киылысқан жерінде ішкі 
шүйде шодырын, 
protuberantia occipitalis interna,
түзеді.
Бойлық қырдың төменгі жартысы сүйірлеу және crista 
occipitalis
interna
деп аталады, жоғарғы жартысы және көлденең қырдың екі 
жартысы да (көбіне оң жақ жартысы) жақсы байқалатын: сагитталды, 
sulcus sinus sagittalis superioris
және көлденең, 
sulcus sinus transversi,
жүлгелерімен қамтылған (осы аттас веналык қойнаулардың жанасқан 
іздері).
Латералдық бөліктердің, 
p artes laterales,
әр қайсысы бассүйектің 
омыртқа бағанасымен байланысуына катысады, сондықтан олардың 
төменгі бетінде шүйде айдаршығы, 
condylus occipitalis,
ауыз омырт- 
қамен буындасатын жер болады. Шамамен condylus occipitalis-тің 
ортасына жуық сүйек арқылы тіласты өзегі, 
canal is hypoglossalis,
өтеді. 
Pars lateralis-тің жоғарғы бетінде sulcus 
sinus sigm oidei
(аттас веналык 
қойнаудың ізі) жайғасады.
101


Негіздік бөлік, pars basilaris, 18 жасқа қарай сынатәрізді сүйекпен 
бітісіп-өсіп, бассүйек негізінің ортасында бірыңғай сүйек, os basilare, 
түзеді. Осы сүйектің жоғарғы бетінде екі бөліктен қосылған ылди, 
clivus, орналасады, онда сопақша ми мен ми көпірі жатады. Төменгі 
бетінде жұтқыншақтық төмпешік, tuberculum pharyngeum шығып 
тұрады, оған жұтқыншақтың фиброзды қабығы бекиді.
Сынатәрізді сүйек
Сынатәрізді сүйек, 
os sphenoidale,
ұшып бара жатқан көбелекке 
ұқсайды, оның аты да осыған байланысты алынған, қанаттәрізді 
өсінділер (46, 47-суреттер).
Сынатәрізді сүйек жануарларда жеке болатын бірнеше сүйектердің 
қосылып-тұтасу өнімі болып табылады, сондықтан одан бірнеше жұп 
және тақ сүйектену нүктелері дамиды, олар баланың туу кезінде 3 бөлік 
түзеді де, ал бір жасқа толғанда бірігіп-тұтасып бір сүйекке айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет