Негіздік бөлік, pars basilaris, 18 жасқа қарай сынатәрізді сүйекпен
бітісіп-өсіп, бассүйек негізінің ортасында бірыңғай сүйек, os basilare,
түзеді. Осы сүйектің жоғарғы бетінде
екі бөліктен қосылған ылди,
clivus, орналасады, онда сопақша ми мен ми көпірі жатады. Төменгі
бетінде жұтқыншақтық төмпешік,
tuberculum pharyngeum шығып
тұрады, оған жұтқыншақтың фиброзды қабығы бекиді.
Сынатәрізді сүйек
Сынатәрізді сүйек,
os sphenoidale,
ұшып бара жатқан көбелекке
ұқсайды, оның аты да осыған байланысты алынған, қанаттәрізді
өсінділер (46, 47-суреттер).
Сынатәрізді сүйек жануарларда жеке болатын бірнеше сүйектердің
қосылып-тұтасу
өнімі болып табылады, сондықтан одан бірнеше жұп
және тақ сүйектену нүктелері дамиды, олар баланың туу кезінде 3 бөлік
түзеді де, ал бір жасқа толғанда бірігіп-тұтасып бір сүйекке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: