Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет12/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   369
Леонардо да Винчи
(1452-1519) суретші ретінде анатомияға 
қызығып, одан кейін оған ғылым ретінде әуестеніп, алғашқылардың 
бірі болып өлген адам денелерін сойып көріп, организм құрылысын 
зерттеуде нағыз жаңашыл болды. Леонардо да Винчи өз суреттерінде 
алғаш рет адам денесінің түрлі ағзаларын дұрыс бейнеледі, адам мен 
жануарлар анатомиясының дамуына үлкен үлес қосты, сондай-ақ 
пластикалық анатомияның негізін қалады. Леонардо да Винчидің 
шығармашылығы А. Везалийдің еңбектеріне де әсерін тигізді деп 
есептеледі.
1422 жылы қүрылған ең ескі Венеция университетінде капитализм 
дәуіріндегі тұңғыш медицина мектебі (Падуан мектебі) қүрылды және 
Европадағы бірінші анатомиялық театр салынды (1490 жылы). Падуя
15


6 - су р е т. 
Андрей Везалий 
(1514-1564)
топырағында жаңа талап-тілек, сұраныс- 
тар жағдайында анатомия реформаторы 
Андрей Везалий
(1514-1564) туып өсті. 
Орта ғасыр ғылымына тән схоластикалық 
түсіндіру әдісінің орнына, ол организмді 
зерттеуге материалистік тұрғыдан келіп, 
объективті 
бақылау әдісін 
қолданды. 
Мәйіттерді жарып ашуды кеңінен қолдана 
отырып, 
Везалий 
тұңғыш 
рет 
адам 
денесінің құрылысын жүйелі зерттеді. Бұл 
кезде ол Галеннің көптеген қателіктерін 
(200-ден астам) батыл әшкерелеп, түзетіп, 
осы арқылы сол кезде үстем болып тұрған 
галендік анатомияның беделін түсіреді. 
Энгельс 
атап 
көрсеткендей, 
ол 
кезде 
үрдістерді зерттеуге кіріспес бұрын алдымен 
заттарды зерттеуі керек еді. Анатомиядағы 
метафизикалық, аналитикалық дәуір осылай 
басталып, оның өн бойында сипаттамалық 
мәнді көптеген жаңалықтар ашылады. Сондықтан, Везалий де жаңа 
анатомиялық фактілерді ашып, сипаттауға баса назар аударды. Олар кең 
ауқымды және жақсы безендірілген “Адам денесінің құрылысы туралы 
жеті кітап” деген еңбегінде баяндалды.
Везалийдің кітаптарының жариялануы, бір жагынан, сол кездегі 
анатомиялық түсініктерде төңкеріс жасады, екінші жагынан, Галеннің 
беделін сақтауга тырысқан кері тартпа анатом галенистердің өршелен- 
ген қарсылығын тудырды. Бұл күресте А. Везалий құрбан болды
бірақ оның ісін шәкірттері мен жолын қуушылар одан әрі дамыта берді.
Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет