canalis cruropopliteus басталады. Онда n. tibialis және a. et v. tibialis
posteriores-rep өтеді. Осы өзектін а. peronea бағытына сәйкес тармағы,
төменгі бүлшыкет-кіші жіліншік өзегі,
canalis m usculoperoneus inferior болып табылады, оны fibulae-нің ортаңғы үштен бірі және mm. flexor
hallucis longus et tibialis posterior түзеді. Сирактың жоғарғы үштен
бірінде fibula мен m. peroneus longus арасында
canalis m usculoperoneus superior орналасады, онда n. peroneus su p e rfic ia l өтеді. Табанда табан
тамырлары мен нервтерінің жүру бағытына сәйкес mm. flexor digitorum
brevis жиектерінде екі жүлге бар: 1) медиалды, sulcus plantaris medialis,
аталған бүлшықет пен m. abductor hallucis арасында және 2) латералды,
sulcus plantaris lateralis сол бүккіш пен m. abductor digiti minimi
арасында.
Сан өзегі. Қалыпты жағдайда lacuna vasorum-ның медиалды
бүрышында, сан сақинасы,
(inulus femoralis деп аталатын саңылау
болады. Сан сақинасын латералды жағынан сан венасы, алды мен
үстінен lig. inguinale, медиалды жағынан - шап байламы, lig. lacunare
жалғасы, артқы жағынан - lig. pectineale түзеді; соңғы os pubis бойымен
lig. lacunare-нің жалғасы болып табылады.
Саңылау дәнекер тінмен, septum femorale толған. Ол бүл жердегі
fascia transversalia-ның бөлігі болып табылады, ол сырт жагынан лимфа
түйінімен, ал іш қуысы жағынан ішастармен жабылған, ішастар бүл
жерде шұңқыр,
fossa femoralis , түзеді. Сан сақинасы аркылы сан
жарықтары шығуы мүмкін және де ол әйелдерде еркектерге қарағанда
жиірек
шығады,
өйткені
әйелдерде
жамбас
астауы
ені
кең
болғандықтан, ол үлкендеу болады. Жарык өткенде аталған саңылау
кіретін және шығатын тесіктері бар өзекке айналады.
Кіретін немесе ішкі тесік - бүл жоғарыда сипатталған сан сақинасы,
annulus femoralis. Шығатын немесе сыртқы тесік бұл margo falciformis
және оның cornua superius et inferius-пен шектелген hiatus saphenus-i.
Тесіктер арасындағы кеңістік