Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет357/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   369
III. Қол.
Ол еңбек мүшесіне айналады. Осыған байланысты оның 
барлық бөліктері: иық, білек және қол ұшы қысқарады, бірақ сонымен 
бірге олар аумақты және нәзік қимыл-қозғалыстар жасау қабілетіне ие 
болды, атап айтқанда: 1) үйлесімді кәрі-шынтақ жілік буынында, 
бұлшықеттердің пронаторлар мен супинаторлардың дамуына сәйкес 
максималды пронация және супинация жасалады; 2) бас бармақтардың 
дамуының арқасында заттарды жәй ұстап қана қоймай, оларды қаусыра 
қармай ұстау; бұған қысқа қуысты сүйектердің үлкен мөлшері, ертоқым 
тәрізді буын және thenar бұлшықеттері, әсіресе m. opponens жәрдем 
етеді; 3) әрбір түтікті сүйекте бүккіш бұлшықеттердің жеке дамыған 
бөлігі (mm. flexor digitorum superficialis et profundus, mm. umbricales 
және interossei palmares) болуы арқасында әрбір саусақтың барынша 
бүгілу қабілеті; 4) m. extensor digitorum-ның жоғары дамуы мен шеткі (I, 
V) және II саусақтарда қосымша жазғыштардың болуы арқасында қол 
ұшы мен әрбір саусақты барынша тіктеу қабілеті. Сонымен, қолдағы ең 
басты айырмашылық еңбек құралдарымен тікелей жанасатын еңбек ету 
мүшесінің ең негізгі бөлігі - қол ұшы құрылысынан байқалады.
IV. Аяқ.
Ол дененің тірегі мен қозғалыс мүшесіне айналған. Тік 
жүруге байланысты жамбас белдеуі сегізкөзбен берік байланысып 
жамбас астауын түзген. Ол адамда барынша үлкейген; мықын сүйегінің
336


канаттары едәуір жанына карай майыскан; angulus subpubicus тік 
бүрышка дейін үлкейген (әйелдерде). Дененің тік калпына сәйкес 
жамбас астауының кисаюы (ineicinatio) артып, ортан жіліктің мойны 
мсн денесі арасындағы бүрыш азайған. Ұршык буынын иык буынымен 
салыстырганда шектеулі кимыл-козғалыс жасайтындыктан, дененің тік 
қалыптагы орныктылығы артты, дененің артка күлауына кедергі 
жасайтын lig. iliofemorale және m. iliopsoas күшті дамыды; сирак 
сүйектері пронация мен супинация кабілетіне ие бола алмады, аз 
қозғалатын 
синдесмоздармен 
байланысып 
калды; 
тізе 
буыны 
байламдары (крест тәрізді және коллатералды) буынды жазғанда тік 
түруды жеңілдетіп, керілетіндей болып ығысты. Тік жүруге байланысты 
аяк үшы маймылдарға тән үқсау кабілетін жоғалтып, бүкіл дене тірегіне 
айналды. Маймылдардың жалпақ үстағышы аяқ үшының бастапқы 
пішіні да қатты өзгереді: онда үш тірек пункті, әсіресе өкшеде, I бакайда 
және V табан сүйегінде пайда болды да, сондыктан ол соккыны 
жүмсартатын күмбезді күрылысқа ие болды. Осымен байланысты 
кейбір тілерсек сүйектерінің, әсіресе, аяқ үшының жерге түсетін үш 
тірек пунктінің біріне (артқысы) айналған өкше сүйегінің салмағы 
артты. Керісінше, бақай бақайшактары өз маңызын жоғалтып
кішірейді, ал кейбір жерде тіпті редукцияланады (мысалы, V бакайда). 
Аяқ үшының сүйекті күмбездері берік байламдармен, әсіресе lig. 
plantare longum және бүлшықеттермен нығайды. Бүлшықеттер аяқ 
үшын бойлық бағытта да (бойлық күмбездер) - аяқ үшы мен бакай 
бүккіштері (терең қабат), сондай-ақ көлденең бағытта да - m. peroneus 
longus және m. adductor hallucis-тің көлденең басы - нығайтты.
Соның өзінде маймылдармен салыстырғанда адам үшін сирак пен 
аяқ үшы бүлшықеттерінің бастамаларының латералды бағытта ал 
бекитін жерлерінің медиалды жиекке ығысуы, олардың көбінің үлкен 
бақайға жинатылып, оның жерге жабыса кысылуына, демек, аяк 
үшының пронациясына жәрдемдесуі және аяк үшы күмбезін 
нығайтады. Егер олар әлсіресе, аяқбасты маймылдардікі сияқты 
жалпақтанады, ал бүл адам үшін патология (нормадан ауытку - 
жалпақтабандылық) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет