Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida



бет63/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   174
Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida. Теңізде тіршілік ететін, жапырақ тәрізді, кейде ірілері 15 см-ге дейін жететін турбеллярилер. Олардың ірілігі ішектің тарамдылығы мен жыныс бездерінің көп болуынан. Поликладидалардың құрылысыңца қарапайымдық белгілері де кездеседі: сарыуыз бездерінің, жыныс жолдарының болмауы. Поликладидалардың тропикалық өкілдері, әсіресе коралл рифтерінде
тіршілік етушілері ашық және тарғыл түсті болады. Біздің солтүстік теңіздерде - Leptoplana alcinoi жиі кездеседі. Дамуы метаморфоз (личинка) арқылы өтеді.
Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida. Денесі жапырақ немесе тақта тәрізді. Жыныс жүйесіне көптеген аталық тұқым бездерінің, екі жұмыртқа безі мен көптеген сарыуыз таратқыштарының болуы тән. Ішегі үш тарамды. Көбіне тұщы су формалары. Өкілдері Dendrocoelum lacteum, Euplanaria genocephala, Polycelis nigra. Кейбір Tricladida-лар теңіздерде өмір сүреді. Тропикалық түрлері, мысалы Bipalium stimpsoni су өсімдіктер жапырақтарының астында, ылғалды жерлерде кездеседі. Құрлықта кездесетін Tricladida-лар кейде 30 см-ге дейін жете алады. Әсіресе үш тармақты ішекті турбеллярилерге Байкал көлі бай. Сондағы трикладидалардың мөлшері үлкен болады және олар бірнеше жүз метрге дейінгі тереңдікте кездеседі.
Тік ішекгілер отряды - Rhabdocoela. Өте ұсақ /0,5-5мм/, ұршық, цилиндр пішіндес жәндіктер. Денесіндегі кірпікшелері арқылы жақсы жүзеді. Негізгі ерекшелігі - жұтқыншағы жақсы дамыған, одан дененің артқы жағына бағытталған тұйықталатын тік ішегі өтеді. Жұтқыншақ үстіндегі ми түйінінен артқа қарай 3, 2, тіпті кейде 1 жұп нерв бағаналары басталады. Зәр шығару жүйесін бір жұп түтік, тарамдалған түтікшелер және бір жұп саңылау құрайды. Жыныс жүйесіне жұп болып құралған гонадалардың көп болуы тән (аталық, аналық және сарыуыз бездері). Аталық және аналық саңылауларының орналасуы әр түрлі болады. Аналық жыныс жүйесінде жұмыртқаны шығару жолынан басқа қосылысуға арналған тұқым өткізгіш жолы болады. Бұл отрядтың ерекшелігіне сүйене отырып, басқа отрядтарға филогенетикалық анықтама беруге болады. Tік ішектілер тұщы суларда, теңіздерде және құрлықта кездеседі. Олар моллюскалар мен басқа да омыртқасыз жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етеді. Негізгі өкілдері: Dalyella viridis, Mesostoma ehrenbeigi (57, В - сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет