Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


ТРИЛОБИТТӘРІЗДІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - TRILOBITOMORPHA



бет144/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

ТРИЛОБИТТӘРІЗДІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - TRILOBITOMORPHA


Трилобиттер өліп біткен теңіз буынаяқтылары. Палеозой эрасының кембрий дәуірінің қазбаларынан белгілі. Кембрий, ордовик, силур, девон дәуірінде кең тараған, таскөмірде трилобиттер азайып, ал пермь дәуірінде түгел жойылып кеткен. Трилобиттәрізділерге бірнеше кластар кіреді, соның бір ғана трилобит (Trilobita) класы зерттелген.




ТРИЛОБИТТЕР КЛАСЫ - TRILOBITA


Трилобиттер теңіз түбіндегі қорыста жорғалап немесе теңіз жағалауындағы суда жүзіп жүрген, ұзындығы 10 мм-ден 80 см-ге дейін болған ертедегі буынаяқтылардың бірі. Арғы тегінің (көпқылтанды буылтық құрттар - Polychaeta) құрылысына ұқсас, денесі гомономды сегменттелінген және барлық аяқтары біркелкі, қарапайым құрылысты болған.


Трилобиттердің денесі дорзовентральды бағытта жалпайып, үш бөлімнен құралған: айшық тәрізді бас қалқанынан (акрон және біріккен төрт сегменттен); сегменттелген кеуде бөлімінен (thorax) және сегменттері бір- бірімен бірігіп бітіскен (сегменттерінің саны түрліше болып келетін) құйрық қалқанынан. Жалпы сегменттерінің саны 44-ке дейін.
Жалпақ келген денесі арқа жағынан ұзына бойына екі сызықпен шектелген ортаңғы дөңес (rhachis) және жалпақтау келген екі бүйір қалақтары-бүйірліктерге (pleura) бөлінген (112-сурет). Трилобит (латынша trilobus-үш қалақты) деген аты - үш қалақты пішін деген сөзден.
Бас қалқанының жоғарғы жағында күрделенген жұп фасеттік көздері (олардың әрқайсысы 15-тен 15000-ға дейін ұсақ көзшелерден тұрған), сонымен қатар жұп медиальды (ортасына таяу орналасу деген мағынада) көзшелері, ал астыңғысында жұп мұртшалары немесе антеннулалары және төрт жұп буындалған аяқтары болған. Көздері және мұртшалары бастың акрон, ал төрт жұп аяқтары акронға қосылған төрт сегменттерінің құрамына кірген.
Трилобиттердің бір ерекшелігі - бас бөліміндегі төрт жұп аяқтары барлық буынаяқтыларға тән ауыз аппаратына айналмай (мандибула, максилла І-ІІ, хелицералар), кеуде және құрсақ бөліміндегі аяқтарына ұқсас құрылысты болып келген. Біркелкі құрылысты аяқтарының негізгі буынынан сыртқы жағына ұзын өскін - желбезек жапырақшалары немесе эпиподиттері, ал ішкі жағына шайнағыш өскіні жалғасқан. Әрбір жұп аяқтың шайнағыш өскіні бір-біріне қарама-қарсы бағытталып орналасқан (112-сурет). Осындай құрылысына байланысты барлық аяқтары жылжу, тыныс алу және қорегін ұстап, шайнау қызметін атқарған.
Трилобиттер дара жынысты, метаморфоз жолымен дамыған, протаспис атты личинкалары болған. Протаспистің денесі алғашқыда сегменттерге бөлінбей, біртұтас болып, кейін бас (акрон және 4 сегмент) және аналь қалқаншасына бөлінген. Осы кезде екеуінің арасында өсу аймағы түзіледі де, сол арқылы тұлға бөлімінің сегменттері қалыптасқан (113-сурет).
Трилобиттердің денесі хитинмен қапталынған. Қауіпті жағдайда олар өзінің қаттылау арқасын төсеп, жұмсақ құрсақ жағымен жиырылып қалатын болған. 10000-нан астам түрі болған.



  1. сурет. Трилобиттердің құрылысы: A - қарапайым трилобиттің құрылыс схемасы (құрсақ көрінісі); Б - құйрық қалқаншасы бар трилобит; В - трилобитгің кеудесінің көлденеңінен кесіндісінің схемасы; 1 - антеннула, 2 - бас қалқаншасы, 3 - күрделі көздер, 4

- аяқ, 5 - тыныс алу өсіндісі - эпиподит, 6 - дененің арқа жағындағы орта бөлімі, 7 - дененің шеткі бөлімі, 8 - құйрық, қалқаншасы, 9 - желбезек жапырақшалары, 10 - аяқтың негізгі буыны, 11 - шайнау өсіндісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет