Хелицералылардың 54000-ға жуық түрі бар, басым көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Алғашқы хелицералылар су жәндіктері болған. Хелицералылардың денесі - баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде) сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да осыдан), екінші жұбы педипальпалар - сезу, қармалау, кейбір түрлерінде шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы - жүру аяқтары.
Хелицералылардың негізгі ерекшелігі - бас қалақшасындағы (акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға ұшырауы.
Хелицералылар тип тармағына үш класс жатады: Семсерқұйрықтылар
-Xiphosura, Алып қалқаншалылар - Gigantostraca және Өрмекшітәрізділер
-Arachnida.
сурет. Трилобиттер және олардың дамуы: A - Cheirurus quenstedtii (арқа жағынан); Б - Triarthrus becki (құрсақ жағынан); В - протаспис личинкасы; Г, Д - аналь қалқаншасының және сегменттерінің пайда болуы (анаморфоз); 1 - бас қалқаншасы, 2 - личинка сегменттері, 3 - көзі, 4 - аналь қалқаншасы, 5 - постларвальды сегменттері
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз ғана, не бары 5 түрі бар, палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде тіршілік ететін буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді.
Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтропикалық теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus - Атлант мүхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қалғандары Малай архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында (Tachypleus, Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр тереңдігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасындағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас дәуірінен табылған, ал Hemiaspis силур дәуірінен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |