АЛЫП ҚАЛҚАНШАЛЫЛАР КЛАСЫ - GIGANTOSTRACA
Буынаяқтылар типінің толығымен жойылып кеткен класы. Бұлар палеозой эрасында суда тіршілік еткен ірі жануарлар, 200-ге жуық түрі болған. Қазба түрлері құм тастарында, Шотландияның ерте замандағы қызыл құмында табылған. Денесі баскөкіректен және артына қарай жіңішкерген 12 сегментті ұзын құрсақтан құралған. Құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінген. Соңғы сегменті аналь қалқаншасына (тельсонға) айналып тақта, тікенек немесе ине түріне өзгерген. Алдыңғы құрсағында түрі өзгерген жапырақ тәрізді жыныс қақпақшалары және төрт жұп желбезек аяқтары болған. Баскөкірек бөлімі бірігіп тұтас біткен қалқаншамен жабылған, оның жоғарғы жағында қарапайым көзшелері, ал бүйірінде күрделі көздері орналасқан. Хелицералары қысқыш тәрізді. Кейбіреулерінде педипальпа мен бірінші жұп аяқтары қармалауыштарға айналып, ал артқы аяқтары ескектәрізді болып жүзу қызметін атқарған. Eurypterus туысының өкілдері силур мен кембрий дәуір шөгінділерінде кездескен. Бұлар жыртқыштар, су түбінде тіршілік еткен, ұзыңдығы 1,8 метрге жететін алып жануарлар (116- сурет).
сурет. Алып қалқаншалылар - Gigantostraca: A - Eurypterus fischeri (арқа жағынан); Б - Mixopterus kiaeri (Щтремер реконструкциясы бойынша); В - Setimonia acuminata (құрсақ жағынан); Г - Setrabops thacheri (Клерк және Рюденену бойынша)
ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - ARACHNIDA
Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері - баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы - хелицералары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы - пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады - бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы - жүргіш аяқтары.
Денесінің артқы бөлігі - құрсақ - әдетте сегменттелген. Өрмекшітәрізділер қласында оншақты отряд, 60000-нан астам түрлері бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |