жыныссыз жолмен дамығанда пайда болады. Дамуы кезінде микросфералық
камераның ішіндегі клетканың ядросы көпке бөлінеді, (100-ден аса).
Ядроның әрқайсысы сыртынан цитоплазмамен қоршалып, көптеген (100-ден
аса) бір клеткалы организмдер пайда болады. Бұлардың денесі жалаңаш,
қабыршақпен қапталынбаған. Осы организмдер микросфералық камераны
тастап, сыртқы ортаға шығып, өніп-өсіп қабыршаққа оралып, камераларын
түзей бастайды.
4-сурет, Фораминифераның даму циклі: 1 - макросфералық формасы, 2 - макросфералық
камерадан
гаметалардың шығуы, 3 - талшықты гаметалар, 4 - копуляция, 5 -
микросфералық формасы, 6 - микросфералық камерадан особьтардың шығуы
Бұлардың ұрық камерасы бұрынғы аналық ұрық камерасынан -
микросфералық камерадан үлкендеу болады,
сөйтіп бұлар макросфералық
формаға айналады. Осылайша жыныссыз көбеюі өтеді. Келесі жынысты
көбею кезінде макросфералық камераның ішіндегі клетканың ядросы көпке
(мыңнан аса) бөлінеді. Ядроның әрқайсысы сыртынан цитоплазмамен
қоршалып, көптеген (мыңнан аса) гаметалар,
яғни аталық немесе аналық,
жыныс клеткалары пайда болады. Гаметалар макросфералық камераны
тастап, сыртқы ортаға шығып осы жерде басқа особьтарынан шыққан
гаметалармен қосылып, ұрықтанып зиготаға айналады. Зигота қабыршаққа
оралып камераларын түзей бастайды. Бұлардың
ұрық камерасы кішкене
болады, сөйтіп бұлар микросфералық формаға айналады. Осылайша
жынысты көбеюі өтеді.
Жынысты және жыныссыз көбеюінің кезектесіп отыруын ұрпақ
алмасуы деп атайды. Сөйтіп фораминифералардың макросфералық
формалары клетканың жыныссыз жолмен көбейген кезде пайда болады да,
өздері жынысты жолмен көбейеді, ал микросфералық
формалары жынысты
жолмен пайда болады да өздері жыныссыз жолмен көбейеді.
Фораминифералар ертеде пайда болған жәндіктер, бұлардың
қабыршақтары кембрий дәуірінен кездеседі. Жасыл қиыршық құм, әк, кәдімгі
бор, негізінде фораминифералардың қабыршақтарынан құралған.
Фораминифералар теңізде
тіршілік ететін жәндіктер, ал Miliolina
oblonga, Spiroloculina turco түрлері Қарақұм мен Орта Азия далаларының
құдық суларынан табылған.
Достарыңызбен бөлісу: