қабілеті жоқ, сондықтан барлық қалған қызметтерін атқарады (жылжу, ас
қорыту тағы басқаларды).
Вольвокс жыныссыз палинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді
колонияның ішінде жас колониялар түзіледі.
Олардың ұлғаюынан аналық
шардың қабырғасы жыртылады да, жас шарлар сыртқа шығып, өз бетінше
тіршілік ете бастайды. Жас колония өсе келе ересек колонияға айналады.
Вольвокс жынысты жолмен де көбейеді. Генеративті клеткалардан пайда
болған макро және микрогаметалар қосылып зигота түзейді, зиготаның
бөліну нәтижесінде колония түзіледі.
Колониялы талшықты қарапайымдылардың теориялық маңызы зор.
Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көп клеткалы жануарлардың арғы тегі бір
клеткалы колониялы талшықты қарапайымдылар болып саналады (Э.
Геккельдің, И. И. Мечниковтың теориясы).
8-сурет. Әр түрлі талшықтылар: A - Жасыл эвглена - Euglena viridis; 1
- талшық, 2 -
резервуар, 3 - жиырылғыш вакуоль, 4 - қосымша вакуоль, 5 - стигма, 6 - хроматофоралар,
7 - ядро, 8 - парамил түйіршіктері; Б - Volvox
aureus - жыныссыз колония; В - Volvox
globator - колонияның бір бөлігі; 1 - талшықтары, 2 -
клеткалары, 3 - цитоплазмалық
көпіршік, 4 - жас колониялар, 5 - макрогамета, 6 - микрогамета; Г - Trypanosoma
rhodesiense; 1 - талшық, 2 - толқын тәрізді мембрана, 3 - ядро, 4 - цитоплазма, 5 -
кинетопласт, 6 - кинетосома
Достарыңызбен бөлісу: