Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ (PROTOZOA) ФИЛОГЕНИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет37/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   218
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ (PROTOZOA) ФИЛОГЕНИЯСЫ
Эукариотты жануарлардың ішіндегі
клетка
деңгейіндегі 
организмдердің бірі - қарапайымдылар. Олар жер бетінде бірінші пайда 
болып және күрделі организмдердің пайда болуына бастама берді.
Қарапайымдылардың құрылымын, даму ерекшеліктерін өзара 
салыстыра отырып, олардың шығу тегі және филогенетикалық байланыстары 
жөнінде бірнеше жорамал айтылған. Олардың бірі Пашер (1914). Пашердің 
көзқарасы бойынша ең алғашқы пайда болған организмдер автотрофты 
(бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеу) жолымен 
қоректене алатын организмдер болған деген. Осындай қоректену әдісі 
қарапайым жәндіктер арасында тек талшықтыларда кездеседі. Бірақ та 
фотосинтезді көне замандағы қоректену түрі деп санауға болмайды.
Академик А. И. Опарин "Тіршіліктің пайда болуы" (1965) деген 
гипотезасында органикалық заттар жер бетінде тірі организмдерден бұрын 
пайда болған, сол себептен алғашқы организмдердің қоректенуі 
гетеротрофты (дайын органикалық заттармен қоректену) жолымен өтеді деп 
санаған. Бір клеткалы жәндіктер арасында қарапайым құрылысты 
саркодалылар (жалғанаяқтылар) гетеротрофты жолымен қоректенеді.
Дегенмен - өте ерте кезде, қазбаларда сақталмаған, бір клеткалы, 
қарапайым құрылымды, эукариотты гетеротрофты организмдердің 
топтарынан қарапайымдылардың саркодалылар мен талшықтылар класы 
пайда болған деген жорамал дұрыс сиякты.
Саркодалылар мен талшықтылар ерте кезде екі эволюциялық бағытта 
дамыған және көптеген күрделі құрылысты қарапайымдыларды берген. 
Олардың ішінде ең күрделі құрылысты кірпікшелілер класының өкілдері 
болып саналады. Қозғалыс мүшелерінің, талшық пен кірпікшенің ұқсастығы 
инфузория мен
талшықтыларды бір-біріне жақындастырады
да, 
инфузориялар талшықтылардан пайда болған деген ой туғызады. 
Инфузориялар көп таралып қарқынды эволюцияға ұшырап, күрделі 
формаларға қарай дамыған. Кірпікшелі инфузориялардан сорғыш 
инфузориялар дамыған, бұған дәлел - сорғыш инфузориялар дамыған кезінде 
пайда болған жас бүршіктерінде кірпікшелерінің болуы.
Споралылардың да арғы тегі талшықтылар болуы мүмкін, өйткені 
бұлардың тіршілік циклындағы ерекшеліктері де ұқсас (грегариналар, 


кокцидиялардың гаметаларының тұрақты болуы, талшықтың болуы 
талшықтылармен жақындастырады).
Книдоспоридиялар мен микроспоридиялардың шыққан тегі 
саркодалылар деп санауға болады, олар дамуының алғашқы кезеңдерінде 
амеба тәрізді жалғанаяқтары арқылы қозғалады және ешбір уақытта 
талшықтары болмайды.
Тұрақты колония құрып тіршілік ететін талшықтыларды эволюциялық 
тұрғыдан қарағанда - олар көп клеткалы (Metazoa) жануарлардың арғы тегі 
екендігі дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет