Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


 - mapay ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРЫЛЫСТЫ КӨП КЛЕТКАЛЫЛАР



Pdf көрінісі
бет40/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

1 - mapay
ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРЫЛЫСТЫ КӨП КЛЕТКАЛЫЛАР: 
PHAGOCYTELLOZOA, PARAZOA
ФАГОЦИТЕЛЛОЗОА
 - PHAGOCYTELLOZOA 
-
алғашқы 
қарапайым құрылысты көп клеткалылар. Бұларға жаңадан ашылған 
тақталылар - Placozoa типі жатады.
ТАҚТАЛЫЛАР ТИПІ - PLACOZOA


Осы типке алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалы жәндіктер 
-трихоплакстар жатады.
Біраз жылдар бойы трихоплакстар 
ішекқуыстылардың личинкасы ретінде қарастырылған. 1883 жылы белгілі 
Австрия зоологы Ф. Шульц жасанды теңіз аквариумнан түсі ақ тақта тәрізді 
организмді тауып, оның құрылысын толық зерттеп, тұңғыш рет осы түрді 
Trichoplax adhaerens деп атаған.
1971 жылы К. Грель электрондық микроскоп арқылы трихоплакстың 
құрылысын және биологиясын зерттеу нәтижесінде оның жынысты жолмен 
көбейетіндігін анықтап, трихоплаксты личинка емес, өзінше жеке организм 
екендігін дәлелдеді. К. Грель трихоплаксты жануарлар дүниесіндегі жаңа тип 
Placozoa-ның өкілі ретінде ендірді.
А. В. Иванов, В. В. Малахов трихоплакстарды жан-жақты зерттеп, 
көптеген еңбектер жазып, олардың жануарлар системасындағы алатын орнын 
белгіледі.
Қазіргі уақытта трихоплакстың екі түрі белгілі - Trichoplax adhaerens 
және Trichoplax reptans.
Трихоплакстың теңізде тіршілік ететін, көлемі 4 мм-ге дейін, түсі ақ 
немесе сұр, жұқа тақта тәрізді, дене формасын өзгертіп амеба тәрізді 
қозғалатын жәңдік (26-сурет). Денесінің симметриясы және алдыңғы, артқы 
бөліктері байқалмайды.
Трихоплакстың талшықты эпителий клеткаларынан құралған, үстіңгі 
"арқа" (дорзальды) және төменгі "құрсақ" (вентральды) қабаттары бар. Арқа 
қабатының клеткалары жалпақ, беткі жағы жұқа цитоплазмадан түзіледі де, 
негізгі ядро жақ бөлігі созылып ішке қарай паренхимаға батып жатады (26,Б-
сурет). Беткі қабатының цитоплазмалары бір-бірімен жанасып, жұқа беткі 
қабырғасын түзейді. Осындай құрылысты клеткалардың тобын батқан 
эпителий деп атайды. Арқа эпителидің құрамында, қорғаныс қызметін 
атқаратын, айрықша үлкен вакуолі бар шар тәрізді клеткалар да кездеседі, 
оларды жылтыр (жалтыраған) шар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет