Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Экологиясы және тәжірибелік маңызы



Pdf көрінісі
бет47/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Экологиясы және тәжірибелік маңызы. Губкалардың басым 
көпшілігі әлемдік мұхиттың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кең 
тараған, аз ғана түрлері тұщы суларда кездеседі. Олар жағалаудан бастап, 
теңіздегі 500 м-ге дейінгі аралықта жиі кездеседі, тек шынылы губкалардың 
қаңқасы өте нәзік болғандықтан, олар теңіздің 7000 м-ге дейін терендігінде 
мекендейді.
Губкалар көп жағдайда таза суларда, тасты, топырақты жерлерде өмір 
сүреді, себебі лайлы су қоймаларындағы өте ұсақ шөгінді тұнбалар олардың 
саңылауларын бітеп тастап, өмір сүруіне кедергі жасайды. Ал тұнба 
топырақтарда өмір сүретін губкалардың Hyalostylus, Hyalonema туыстас 
түрлерінің табаншасында ұзын спикулалар дамып, олар топыраққа қадалып 
денесін субстраттан биік көтеріп тұрады (33,Б-сурет).


Губкалар - күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы көп 
сүзетіндіктен оны механикалық, және органикалық ластанудан сақтайды. 
Мысалы, үзындығы 7 см-лі ізбесті губка Leuconia aspera бір тәулікте 
денесінен 22,5 л суды сүзіп өткізеді және тазалайды.
33-сурет. Бадяга және шынылы губкалар: 1 - бадяга (Spongilla); II - шынылы губкалар; А 
- Euplectella; Б - Hyalonema
Губкалар басқа организмдермен селбесіп кейде қауымдасып та тіршілік 
етеді. Мысалы, тұщы су губкалары бір клеткалы жасыл балдырлармен - 
зоохлореллалармен; губка - Suberites domuncula - тақуа шаянмен; мүйізді 
губка -Cryptospongia enigmatica - көпқылтанды буылтық құртпен - Potamilla 
symbiotica-мен селбесіп тіршілік етеді.
Кейбір көпқылтанды буылтық құрттар, шаянтәрізділер, 
жыланқұйрықтылар (тікентерілілер) губкаларды жауынан жасырынатын 
баспана ретінде пайдаланады, ал өз кезегінде губкалар да крабтардың, 
бауыраяқты моллюскалардың бақалшағына қоныстанып тіршілік етеді.
Губкалардың тәжірибелік маңызы онша үлкен емес. Туалетті немесе 
фек губкасының (Spongia officinalis) спонгинді қаңқасын техникалық 
мақсатта - өнеркәсіпте және медицина саласында - қан ағысын тоқтататын 
тампон ретінде, бұғақ (зоб) ауруын емдеуде қолданылады. Спонгиннің 
құрамында йодтың мөлшері бірталай. Spongia officinalis-тың кептірілген 
спонгинді қаңқасында йодтың мөлшері 1,5-1,6%, ал Verongia plicifera-ның - 
11-14%.
Туалетті губкалар көбінесе Жерорта, Қызыл және Кариб теңіздерінде, 
Үнді мұхитының Австралия жағалауларында кездеседі.
Шынылы губкаларды (Euplectella туысы) сәнді бұйымдар, сувенирлер 
жасау үшін пайдаланады. Оларды Жапония жағалауларында аулайды.
Тұщы су бадягасының (Spongillidae түқымдасы) қаңқасын ревматизм 
ауруын емдеуге, сонымен қатар косметика ретінде пайдаланады. Кептірілген 
бадяганың қаңқасымен денені ысқанда, қан айналымы жақсарып, ем жүре 
бастайды.
Бұрғылаушы губкалар (Cliona туысы) моллюскалардың бақалшағына, 
кораллдардың колониясына, ізбесті заттарға бекініп, оларды үңгіп, тесіп 
зақымдайды. Әсіресе устрицалар, мидиялар үшін қауіпті болып табылады. 
Қара және Баренц теңізінде кездеседі.
Губкалардың жағымсыз ащы иісті заттары болғандықтан, олармен 
коректенетін жануарлар да аз.
Губкалар өте ертеде шыққан ежелгі организмдер. Олардың қазба 
қалдықтары протерозой эрасындағы шөгінді жыныстар арасынан табылған. 
Кембрий дәуірінде Triaxonida, Tetraxonida,
Cornacuspongida отрядтың өкілдерінің кеңінен таралғандығы және 
девон дәуірінде ізбесті губкалардың пайда болғандығы анықталған. Кембрий 
дәуірінде кеңінен тараған, кейін құрып біткен бокал тәрізді археоциаттардың 
қазба қалдықтары Қазақстанда да табылған.
Классификациясы. Губкалардың систематикасы қаңкасының құрылысы 


мен құрамына негізделген. Губкалар типі үш класқа бөлінеді: ізбесті - 
Саісагеа немесе Calcispongia, шынылы - Hyalospongia және кәдімгі губкалар - 
Demospongia.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет