Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет43/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

27-сурет. Губкалардың жалпы көрінісі (ішкі кұрылысын көрсету үшін денесінің бір бөлігі 
кесілген). Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді: A - ізбесті губка Leucosolenia 
согіасеа; Б - Sycon raphanus; В - Verongia aerophoba-нын. колониясы; Г - туалет губкасы 
Spongia offlcinalis; Д - бадяга Spongilla; 1- оскулум, 2 - парагастраль куысы, 3 - талшықты 
қалталар, 4 - поралар
Хоаноцит клеткаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың 
үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді және сол 
талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды 
ұстап клетка ішінде қорытады немесе ұсталынған қорек заттарды 
мезоглеядағы амеба тәрізді клеткаларға жеткізеді.
Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар 
кездеседі. Колленциттер - жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда айқаса 
және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші 
қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт клеткалары - әр түрлі 
инелерді дамытып губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит 
клеткалары - еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды 
ұстап қорытады. Амебоциттердің бір түрі - археоциттер - 
28-сурет. Аскон құрылысты губканың дене қабырғасының кесіндісі (I): 1 - пинакоцит 
клеткасы, 2 - талшықты жағалы (хоаноцит) клеткасы, 3 - жұмыртқа клеткасы, 4 - 
склеробласт клеткасы (ішінде түзілген спикула), 5 - саңылау (пора), 6 - жұлдыз клеткасы; 


II губканың әр түрлі спикулдары: А - бір осьті; Б - үш осьті; В - төрт осьті; Г - көп осьті; Д 
- күрделі үш осьті спикула; Е - қисық осьті спикула
бұлар толық дифференцияланбай резервтегі клеткалар болып саналады
жоғарыда атап кеткен клеткаларға оңай айнала алады, сонымен қатар жыныс 
клеткаларға да бастама береді.
Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде губкалардың 
клеткаларының біріне-бірі айналатындығы анықталған. Мысалы, хоаноцит 
клеткалары талшығын жойып амебоциттерге айналады, ал өз кезегінде 
амебоциттер хоаноциттерге айнала алады. Бұның барлығы губкалар 
құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді.
Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған.
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы 
(хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар арқылы қорегін 
ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысы жағынан - 
аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым 
құрылысты - аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы 
клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап 
жатады (29-сурет). Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль 
қуысына ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды 
талшықты жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.
Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты 
мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған 
көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды 
(29,Б-сурет).
Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап, 
оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші, 
екінші реттік камералар орналасады (29,В-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет