Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет46/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   218
32-сурет. Ізбесті губканың (Sycon raphanus) дамуы.- A - амалық организмнің ішіндегі 
амфибластула, ірі макромера клеткалары майда микромера клеткаларының ішіне 
тартылған; Б - жүзіп жүрген амфибластула; В - микромера клеткалары макромера 
клеткаларының ішіне тартылуы; Г - личинканың субстратқа бекінуі және метаморфоздың 
басталуы
Аналық организмнің ішінде амфибластула өзіне тән өзгерістерге 
ұшырайды. Оның ірі макромера клеткалары майда микромераларға қарай 
ығыса бастайды. Бірақ бұл процесс біраздан кейін тоқтайды да, ірі клеткалар 
қайтадан кері шығып амфибластула бұрынғы күйіне қайта оралады. Бүдан 
кейін амфибластула саңылаулар жүйесі арқылы губканың денесінен су 
ортасына шығып, еркін жүзіп (талшықтардың көмегімен), біршама уақыттан 
кейін майда талшықты клеткалары бар жағымен субстратка бекінеді. Осыдан 
кейін майда талшықты клеткалары ірі клеткалар жағына қарай еніп, екі 
қабатты ұрық пайда болады да, ол ересек губкаларға айналады.
Ұрықтың майда талшықты клеткалары губканың ішкі қабатын, ал ірі 
клеткалары - сыртқы, дермальды қабатын, мезоглеяны және оның барлық 
клеткалык элементтерін құрайды. Осындай даму кезеңі барлық ізбесті 
губкаларда жүреді.
Ізбестсіз губкалардың эмбриональды дамуы басқаша. Ұрықтанған 
жұмыртқаларының толық және біркелкі радиальды бөлшектенуінің 
нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластула түзіледі. Оның қабырғасы біртекті 
талшықты клеткалардан құралған. Осындай құрылысты бластуланы - 
целобластула деп атайды. Целобластула қабырғасының кейбір клеткалары 
талшықтарын жойып, оның қуысына өте бастайды да, біртіндеп бластоцель 
қуысы борпылдақ орналасқан клеткалармен толады. Осы күйінде 


целобластула паренхимула деп аталатын личинкаға айналады.
Паренхимула, саңылаулар жүйесі арқылы, губканың денесінен су 
ортасына шығып, талшықтардың көмегімен еркін жүзіп, біршама уақыттан 
кейін субстратқа бекінеді. Субстратка бекінгесін паренхимуланың сыртқы 
талшықты клеткалары иммиграция әдісімен ішіне қарай енеді, ал керісінше 
іштегі талшығы жоқ клеткалары сыртқа шығады, осыдан кейін личинка 
ересек губкаға айналады. Личинканың талшықты клеткалары губканың ішкі 
қабатын, ал сыртқы ірі талшықсыз клеткалары дермальды қабатын
мезоглеяны және оның барлық клеткалық элементтерін құрайды.
Ізбестсіз губкалардың да, ізбесті губкалардың да дамуында ұрық 
қабаттарының ауысып отыруы байқалады. Осындай даму ерекшелігі барлық 
губкаларға тән. Сол себептен ғалымдар губкаларды "өңін айналдырған" 
немесе "іштей ақтарылған" жәндіктер (Enantiozoa) деп атайды. Өйткені 
барлық көп клеткалы жануарлардың ұрығы дамығанда бластуланың 
анимальді (жоғарғы) жағындағы орналасқан майда (микромер) клеткалары 
эктодерма қабатына бастама береді, ал вегетативті (төменгі) жағындағы ірі 
клеткалары ішкі энтодерма қабатын құрайды, тек губкаларда керісінше.
Губкалардың ұрық қабаттарының өзгерістерін туғызатын жағдайлары 
жөнінде көптеген жорамал пікірлер бар. Солардың ішінде ең көңілге 
қонарлықтайы - В. Н. Беклемишевтың гипотезасы.
В. Н. Беклемишевтің пікірі бойынша, губкалардың ұрық қабаттарының 
өзгерістері, олардың личинкасының және ересек түрінің тіршілік ету 
жағдайларына байланысты. Личинка суда еркін жүзіп жүрген жағдайда, 
талшықты клеткалары кинетикалық (қозғалу) қызметін атқарады. Ал личинка 
ересек формасына айналған кезінде субстратка бекініп, жылжымай тіршілік 
ете бастайды, осыған байланысты талшықты клеткалары денесінің ішіне 
қарай өтіп, енді суды сүзу қызметін атқарады. Талшықтарының бір бағытта 
қозғалуына байланысты губканың саңылаулары арқылы үнемі су ішке - 
парагастраль қуысына - өтіп, одан оскулум арқылы сыртқа шығарылып 
тұрады. Сумен бірге ұсақ қоректік заттар да келеді, яғни талшықты жағалы 
клеткалар екі қызмет атқарады: денесінде суды жылжыту және коректену. 
Сөйтіп онтогенез барысында тіршілік әрекеттеріне байланысты губкалардың 
ұрық клеткалары да өзгерістерге бағытталып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет