мидан бірнеше бағаналар шығады, бірақ солардан қос құрсақ нерв бағанасы
ерекшеленетін болғандықтан, оларда екі жақты симметриясы айқын білінеді.
Сезім мүшелері жақсы дамыған. Бұл жерде терінің және жұп
қармалауыштарының маңызы зор. Сыртқы ортаның механикалық және
химиялық қоздырғыштары терідегі ұзын, қозғалмайтын кірпікшелерге
тікелей әсер етеді. Бұл кірпікшелер ішек-қуыстылардың атпа клеткаларының
сезімтал жіпшесіне - книдоцильге - ұқсас. Одан ерекшелігі сезімтал
кірпікшелері бас ганглияларымен байланысты нерв клеткаларымен жалғасып
жатады (55, А-сурет). Осындай құрылыс жануардың тітіркендіргішке бүкіл
денесі арқылы жауап беретінін көрсетеді. Осындай сезім мүшесін сенсилла
деп атайды. Кейбір турбеллярилерде (Acoela) ішінде көмір қышқыл кальцилі
тастары бар тұйық қапшықтар - статоцистер (тепе-теңдік мүшесі) болады.
Статоцист ми үстінде орналасқан.
Көздері бір жұп және олар да тікелей ми үстінде орналасқан. Көздері
бірнеше пигментті клеткаларымен астарланған пигментті бокалдан құралады.
Бокалдың қуысына рецепторлы клеткалардың сәуле сезгіш бөлігі жалғасады.
Олардан нерв талшықтары шығып, көру нерв талшығымен жалғасып, миға
қарай бағытталады. Пигментті бокал өзінің ойық жағымен дененің үстіңгі
бетіне қарай орналасқан. Сол себепті жарық сәулелері сәуле сезгіш
бөлімдерге тимес бұрын, рецепторлы клеткалары арқылы өтеді. Мұндай
көздер теріс айналған немесе инвертирленген деп аталады (55, Б-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: