Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет82/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

56-сурет. Мюллер личинкасы (Polycladida отр.): 1 - көзі, 2 - ми ганглиясы, 3 - қапшық 
тәрізді ішек, 4 - ауыз тесігі, 5 - қалақшалары кірпікше түктері
соң екі особь та қоректене, тітіркендіргіштерге жауап бере бастайды.


Көптеген турбеллярияларда денесінің артқы бөлімі алдыңғысынан 
баяулау бөлінеді де, әрбір жас индивид пайда болғалы жаңа бөлініске 
дайындала бастайды. Осылайша, Microstomum және басқаларында 4, 8 
немесе 16 особьтан тұратын тізбек пайда болады, кейін тізбек жеке 
особьтарға бөлініп ыдырайды. Мұндай тізбектер - уақытша колониялар. 
Сипатталған бөліну түрін паратомиялы бөліну деп атайды.
Классификациясы. Көп уақытқа дейін турбеллярилердің ішектерінің 
құрылысына байланысты оларды ішексіз, тік, көп тарамды, үш тарамды 
ішектілерге бөлетін ескі жүйе қолданылып келген. Қазіргі уақытта 
классификациясы мұқият қайта қаралып, турбеллярилерді 12 отрядқа бөлген. 
Оның негізгілерін атап өтейік.
Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela
Өте ұсақ теңіз формалары, оларға ішектің болмауы, оның рөлін ас 
қорыту паренхимасының атқаруы, протонефридияның болмауы, нерв 
талшықтарының денеге беткейі орналасуы, жыныс жүйесінің 
қарапайымдылық ерекшелігі тән. Статоцистасы бар. Кейбір Acoela 
паренхимасында симбиоздық тіршілік ететін бір клеткалы балдырлар, 
зоохлореллалар болады.
Өкілі: Convoluta convoluta теңіз жағалауының кәдімгі формасы, 
көптеген зерттеулер объектісі (57, A - сурет).
57-сурет. Турбеллярия отрядтарының өкілдері: A - Convoluta (Acoela отр.); Б 
-Gnathostomula paradoxa (Gnathostomulida отр.); В - Dalyella viridis (Rhabdocoela отр.); 1 - 
ауыз тесігі, 2 - көзі, 3 - ми ганглиясы, 4 - жұтқыншақ, 5 - ішек, 6 - аталық без, 7 - сарыуыз 
без, 8 - аталық жол, 9 - шағылыс мүшесі, 10 - жыныс клоакасы, 11 - жыныс тесігі, 12 - 
тұқым қапшығы, 13 - аналық без, 14 - статоцист, 15 - хитинді жақ, 16 - жыныс клеткалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет