Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORIA



Pdf көрінісі
бет126/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORIA
Бұлар көбінесе тұщы суларда мекендейтін жануарлар, теңіздерде 
тіршілік ететін түрлері де аз емес, сонымен қатар ылғалды топырақта да 
кездеседі. Көпшілігі еркін қозғалады, аздаған түрлері бекініп тіршілік етеді. 
Олардың 1500-ден астам түрі бар.
Құрылысы мен физиологиясы. Өте ұсақ, микроскопиялық құрттар, 
ұзындығы 0,04 мм-ден (Ascomorpha minima) 2,5 мм-ге дейін (Asplanchna 
brightwelli). Дене пішіні созыңқы болып келеді, кейде ғана шар тәрізді немесе 
домалақ (Trochsphaera туысынан). Басым көпшілігінің денесі үш бөлімнен 
тұрады: кірпікшелі аппараты бар бас, дене және аяқ. Аяғы болмауы да 
мүмкін.
Бас бөлімі денеден аз ғана бөлініп тұрады, оның алдыңғы ұшында екі 
қатар шеңбер жасай орналасқан, күрделі кірпікшелерден құралған айналмалы 
(бұрғы) аппараты бар. Кірпікшелер көбінесе бірінің ішіне бірі кигізілген қос 
дөңгелек сияқты орналасады да, қозғалған кезде айналып тұрған дөңгелектің 
сым шабағы (спица) сияқты көрінеді. Латынша "rota" - дөңгелек, "fera", 
"toria" кию, тасу (rotifera, rotatoria - дөңгелек тасушы). Кластың аты осыған 
сәйкес қойылған және бұлар басқа кластардан осы айналмалы аппаратымен 


ерекше. Айналмалы аппаратының кірпікшелері үнемі козғалыста болып, 
жәндіктің суда қозғалуын және суда толқын туғызып ауызына ұсақ 
жәндіктерді әкелуіне қызмет етеді. Айналым аппаратының формасы 
өзгергіш. Кейбір коловраткаларда екі шеңберлі кірпікшелерінің орнына 
ауызды айнала қоршаған кірпікшелі алаң (Notommatidae тұқымдасында) 
немесе қалақты доңғалақ (Floscularia туысында), немесе созылыңқы 
қармалауыштар шоғыры (Stephanoceros туысында) орналасады.
Арнайы бұлшықеттер - ретракторлардың көмегімен бас бөлімі қозғала 
алады, яғни дене (қуысының) ішіне тартылып, қайтадан сыртқа созылып 
шығады.
Дене бөлімі созылыңқы, цилиндр, қапшық тәрізді немесе жалпақ (арқа 
-құрсақ, немесе екі бүйірі жағынан қабысқан), сыртынан сауытпен немесе 
қабықты түтікпен қапталған.
Аяқ бөлімі дененің бұлшықетгі өсіндісі. Ол буынды қабықшамен 
қапталып, жылжымалы екі саусақтан тұрады. Саусақтың ұшында кілегейлі 
заттар шығаратын цементті бездері орналасқан. Осының көмегімен көптеген 
коловраткалар уақытша, кейбіреулері тұрақты түрде су асты заттарына 
бекініп тұрады. Аяғында ұзына бойы және сақина тәрізді бұлшықеттері 
жақсы дамыған.
Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшықет қапшығы 
болмайды. Тері жамылғысы синцитиялы бір қабат эпителиден 
(гиподермадан) және тығыз орналасқан талшықты заттардан құралады. 
Коловраткалардың дене формасын сақтауы және сауыттарының, 
түтікшелерінің түзілуі осы қабатқа байланысты. Көлденең бұлшықеттері 
тұтас қабат жасамай денеде топтасып орналасады да, оның қозғалуын 
қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың (схизоцель) ішінде 
орналасқан.
Ас қорыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы жағындағы кірпікшелі 
айналым аппаратының ортасында ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысына 
және кеңейген бұлшықетті жұтқыншақтың шайнағыш - мастаке (mastax) деп 
аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі бетін хитин қабаты жапқан 
және осыған қатты хитинді тақталар түзіледі, олар төс пен балғашық. Бұлар 
диірмен тасы сияқты үйлесімді қозғалып қорек заттарды ұнтап, өңеш арқылы 
үлкен энтодермальды қарынға бағыттап отырады. Қарынның ішіндегі 
қорытылған заттар денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның 
артқы ұшы кеңейіп клоакаға айналады. Ac қорыту жүйесінде жұтқыншаққа 
ашылатын сілекей безі және қарынға ашылатын ас қорыту безі жақсы 
жетілген (86-сурет). Кейбір түрлерінде
(Asplanchna, Ascomorpha, 
Chromogaster туысынан) артқы ішегі жойылып, тұйық бітетін қарынның 
ішіндегі қорытылмаған қалдық заттар ауыз арқылы сыртқа шығарылады.
Коловраткалардың қорегі: бактериялар, көк-жасыл балдырлар, детрит. 
Жыртқыш түрлері ұсақ қарапайымдыларға, басқа коловраткаларға шабуыл 
жасайды.
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Ұштарында кірпікшелер 
шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі түтіктердің артқы ұшы 


қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады.
Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды.
Нерв жүйесі қарапайым құрылысты, жұтқыншақ үсті ганглиядан және 
одан жан-жағына тараған нерв талшықтарынан тұрады. Солардың ішінде екі 
бүйір нерв талшығы ғана дененің аяқ бөліміне дейін жетеді.
Сезім мүшелері - қарапайым көздер және шоғырланып орналасқан 
қылтанақтар. Көздері - қызыл пигмент бокалдың ішінде орналасқан жарық 
сәуле өткізгіш көз жанары түрінде.
Коловраткалар дара жыныстылар, жыныстық диморфизмі байқалады. 
Аналықтары ірі, аталықтары өте ұсақ, ергежейлі.
Денесінің артқы бөлімінде орналасқан аналық безі сарыуыз безіне 
жалғасып, одан шыққан аналық жолы клоакаға ашылады. Аталық безі де 
аталық жолы арқылы клоакаға ашылады. Шағылыс мүшесі (cirrus) бар.
Коловраткалардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей 
туатын түрлері де бар. Жұмыртқалары қабыршақпен қапталған, көп жағдайда 
жұмыртқалар сабақшасы арқылы анасының денесіне (аяғына) жабысып 
тұрады.
Дамуы және тіршілік циклі басқа жұмыр құрттардан ерекше. Даму 
жолында екі түрлі ұрпақтың алмасуы немесе гетерогония байқалады: 
партеногенетикалық және қос жынысты. Бұл жағдайда партеногенетикалық 
ұрпақтар амиктикалық жұмыртқа (хромосомалары диплоидты) және 
миктикалық (хромосомалары гаплоидты) деп аталатын екі түрлі жұмыртқа 
салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет