Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA



Pdf көрінісі
бет134/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA
Белдеусіздер тип тармағына - теңіздерде тіршілік ететін, дара 
жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері болмайтын, дамуында 
трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бір класс 
жатады - көпқылтандылар - Polychaeta.
КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA
Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік 
етеді, тек Manayukia baicalensis тұщы суларда кездеседі. Денелерінің 
ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (Eunice gigantea). Басым 
көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік 
етеді, "үйшіктер", түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де 
кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы. Полихеттердің денесі құрттәрізді, 
созылыңқы, аздап арқа құрсақ бағытында сопайған немесе цилиндр пішінді. 


Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген 
гомономды сегменттерден тұрады, сегменттерінің саны 5-тен 800-ге дейін 
болады. Сегменттерінің саны аз болса бұларды аз сегментті немесе 
олигомерлі полихеттер деп атайды (Dinophilus, Myzostomum туысынан), ал 
көп болса - көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.
Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе - простомиум 
және ауыз сегменті - перистомиум. Простомиумда көру мүшелері, 
қармалағыштары /антенна/ және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда - 
ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары - цирралары (89-сурет).
Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олардың 
әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе 
параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. Параподия екі 
мүшеленбеген бұтақшадан тұрады: арқа /нотоподия/ және құрсақ 
/нейроподия/. Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары 
/цирралары/ және қылтандары шоғырланған. Мұртшалары сезу қызметін, ал 
қылтандары жылжу қызметін атқарады. Қылтандар - жіңішке, хитинге жақын 
органикалық заттан құралған. Осылардың арасында ацикула деп аталатын 
қатты, мықты ішкі сүйеніш қылтандары да болады (89-сурет). 
Қылтандарының көп болатындығынан класс көпқылтанды құрттар деп 
аталады (грек тілінде poly - көп, chaeta - қылтан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет