жұмыртқаларының дамуы өте жылдам, 3-4 күн ғана.
Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай коловраткалар формалары -
моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жьгл бойына бір ғана даму
циклі болса, олар моноциклді (Anuraea cochlearis), екі - дициклді,
көп -
полициклді (Polyarthra trigla). Бірақ сыртқы ортаның (судың физикалық,
химиялық жағдайлардың) өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде
тіршілік циклін өзгертіп тұруы және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі су
қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі болуы мүмкін.
Коловраткалардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы
құрылысы да (дене пішіні, мөлшері, өсінділері,
тікенектері ұзарып,
қысқаруы) өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикломорфоз деп
атайды. Мысалы, Anuraea cochlearis денесінің артқы бөліміндегі тікенектері
көктемде ұзын болса, жазға қарай қысқарып, күзде жойылып кетеді (87-
сурет).
87-сурет. Anuraea cochlearis-тың жылдық тіршілік циклі: 1 - қыстап шыққан жұмыртқа, 2-
5
-
көктемгі және жазғы партеногенетикалық аналықтары амиктикалық
жұмыртқаларымен, 6 - күздегі партеногенетикалық аналығы аталық жұмыртқаларымен, 7
- аталығы
Коловраткалардың тағьг бір ерекшелігі - жеке мүшелер құрамындағъг
клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta-нын, жабыны 301
клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғьг ішегі - 76, жыныс жүйесі - 19,
бұлшықеттері - 122, жүйке жүйесі - 247, зәр шығару жүйесі - 24, ал
жануардың барлық деңесі - 959 клеткалардан тұратындығы дәлелденген.
Осыған байланысты коловраткалар
регенерациялық қабілетінен
айрылған. Осындай белгісімен коловраткалар нематодтарға ұқсас.
Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea,
Monogononta.
Достарыңызбен бөлісу: