БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін,
гермафродита, жыныс сегменттеріңнде белдеу аймағы (clitellum) бар,
личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді:
азқылтандылар - Oligochaeta және сүліктер - Hirudinea.
АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда
тіршілік ететін гермафродит буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің
алдыңғы сегменттерінде жинақталған.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм-
ден 3 метрге дейін (Megascolides australis-та). Сегменттері біркелкі
(гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында
-
простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған.
Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан
қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды.
Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында
жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан.
Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без
клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің
астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, іші - тығыз орналасқан ұзына
бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады (96, А-
сурет). Кең, жақсы дамыған целом қуысы диссепиментпен және құрсақ
мезентериімен бөлінген. Аркд мезентериясы жоқ. Іш қуысы целотелимен
астарланған.
96-сурет.Жауын құртының (Lumbricus terrestris) құрылысы: A - тері-бұлшықет
қапшығының құрылысы; 1 - эпителий қабаты, 2 - сақина тәрізді бұлшықеттері, 3 - ұзына
бойы бұлшықеттері, 4 - соматоплевра; Б - ішкі құрылысы; 1 - жұтқыншақ, 2 - өңеш, 3 -
сақина қан тамыры, 4 - жемсау, 5 - қарын, 6 - метанефридия, 7 - ортаңғы ішек, 8 - арқа қан
тамыры, 9 - тұқым қапшығы, 10 - тұқым қабылдағышы, 11 - диссепимент, 12 - жұтқыншақ
үсті ганглиясы