қуысты екінші немесе целом қуысы деп атайды. Целомның бірінші қуыстан
ерекшелігі - арнайы қабаты болуыңда. Целом қабаты - перитонеальды
эпителий немесе целотелий мезодерма клеткаларынан түзілген. Тері-
бұлшықет қапшығын астарлайтын қабаты соматоплевра (париеталь), ал ішек
пен қан тамырларын астарлайтын - спланхноплевра (висцеральдық) деп
аталады және арқа, құрсақ мезентериялық перделері болады. Осы
арқа құрсақ
перделері арқылы целом (оң жақ және сол жақ) екі бөлікке бөлінген (целом
қапшығына). Дененің іш қуысы көлденең перделер немесе диссепименттер
/септалар/ арқылы жеке
камераларға бөлініп тұрады, мұндай камералар
сыртқы сегментацияға сәйкес. Целом қуысы сұйық затқа толы.
Целомның негізгі қызметі - тірек, зәр шығару, тасымалдаушы және сол
қуыста ұрық клеткалар пісіп жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: