Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет138/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

91-суретПолихеттердің нерв жүйесі: А - Dinophilus taeniatus; Б - Sabellaria alveolata; В - 
Nereis virens; 1-ми ганглиясы, 2 - жұтқыншақ маңындағы сақиналы коннектива, 3 - құрсақ 
ганглиялары, 4 - құрсақ комиссурасы, 5 - құрсақ нерв тізбегі, 6 - жұтқыншақ асты ганглия, 
7 - құрсақ нерв тізбегінің ганглиялары
Жыныс жүйесі қарапайым. Полихеттер дара жыныстылар. Жыныс 
диморфизмі байқалмайды. Жыныс клеткалары алдыңғы және артқы 
сегменттерінен басқа барлық, сегменттерінде қуыстың перитонеальды 
эпителий қабатының астында орналасады. Жыныс клеткалары тез бөлініп
жинақталып, сыртынан перитонеальды эпителидің жұқа қабатымен 
қапталады. Осылайша целоммен тығыз байланысты гонада түзіледі. Даму 
барысында алғашқы жұқа перитонеальды эпителимен қапталған гонада 
жарылады да, жұмыртқалары немесе сперматозоидтары целом қуысына 
түседі. Осы жерде жұмыртқалар дамып жетіледі. Кейбір полихеттердің 
жұмыртқа шығарғыш жолдары жоқ, сондықтан олардың ұрықтары дененің 
қабырғасын тесіп сыртқа шығады. Capitellidae тұқымдасының өкілдерінде 
кірпікшелермен қапталған целомодукт деп аталатын жыныс воронкасы 
(оймышы) бар. Жыныс клеткалары сол воронка арқылы түтікшемен сыртқа 
шығарылады. Қалған түрлерінде целомодуктілер немесе тұқым шығарғыш 
жолдары нефридия түтікшелерімен бірігіп кетеді де, жыныс клеткалары 
несеп заттарымен аралас нефридия немесе нефромиксиялар арқылы сыртқа 
шығарылады. Жұмыртқалар сырттай ұрықтанады.
Полихеттерде жынысты көбеюмен бірге жыныссыз көбею де 
байқалады. Мысалы, Nereidae, Eunicidae тұқымдастарының өкілдері 
жынысты және жыныссыз жолмен де дамиды. Бұлардың денесі екі ерекше 
бөлімдерге бөлінеді: алдыңғы атокты және артқы эпитокты немесе эпигамия. 
Екеуінің айырмашылықтары: атокты бөлімінің ішкі мүшелерінің құрылысы 
және сегменттері сол күйінде сақталып қалады, тек жыныс клеткалары 


бұларда дамымайды, ал эпитокия бөлімінің сегменттері күшті өзгерістерге 
ұшыраған, яғни ішкі мүшелері нашар дамыған, сегменттің іші жыныс 
жұмыртқаларына толы, сегменттерінде жалпақтау жүзу қалақшалары 
болады.
Эпиток бөлімдері әр түрлі жолмен атокты бөлімінен ажырап, теңіздің 
жоғарғы қабатына көтеріліп, жиналады. Осы жерде жыныс клеткалары 
сегменттерден суға шығарылып, жұмыртқалар ұрықтанып, бөлшектену 
кезеңі басталады. Ал атокты бөлімдері сол мекен ететін жерлерінде қалып, 
регенерациялық қабілеттілігіне байланысты жойылған сегменттерін қалпына 
келтіріп отырады.
Эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырауы әр түрлі: палоло 
өкілдерінде (Eunice viridis) эпитокия сегменттері жеке-жеке үзіліп немесе 
бірнеше біріккен сегменттері үзіліп теңіздің жоғарғы қабатына көтеріледі; 
Autolytus cornutus-тың эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырайтын 
жерінде басы пайда болып, эпиток бөлімі өз алдына бөгде особьқа айналады; 
Myrianida fasciata-лар эпиток бөлімінде жыныс зооидтарды немесе 
бластозооидтарды түзейді. Олардың, біреуі үзіліп түспей тұрып, екіншісі, 
үшіншісі, көптеген (30-ға дейін) бластозооидтар түзіледі (92-сурет). Кейін 
олар бөлек-бөлек үзіліп кетеді; Syllis romaso-да бүйірлік бүршіктену 
байқалады, басқа түрлерінде эпитокия бөлімінің бүршіктенуі ұзына бойлық 
бағытта өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет