Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет149/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Жыныс жүйесі - гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo 
medicinalis) аналық жүйесі ұрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп 
жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға 
қосылады. Жатын кең бұлшыкетті қынапқа жалғасады. Жыныс тесігі құрсақ 
жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады.
Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері тұқым 
қапшықтарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. 
Ұрық қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар 
оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. Ұрық жолдары дененің 
алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалақтанып ұрық қалтасын түзейді. Екі 
ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп так ұрық шашатын түтігіне ұласады. 
Түтік бұлшықетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен 
аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің 
кейбір түрлерінде (Haementaria, Glossiphonia туысынан) шағылыс мүшесі 
дамымаған. Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген 
сперматофора деп аталатын сопақша келген қалташаның ішіне шығарылады. 
Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жабыстырады 
немесе сүліктің қынабына енгізеді.
Сперматофорадан шыққан 
сперматозоидтар жатынға түсіп, жұмыртқаларды іштей ұрықтандырады. 
Барлық сүліктердің жұмыртқаның ұрықтануы іштей өтеді. Ұрықтанған 
жұмыртқаларын сүліктер пілләнің ішіне салады.
97-сурет. Сүліктер (Hirudinea): А-В - целом қуысының схемасы: А - Acanthobdella-
ның; Б - Rhynchobdellida-ның; В - Gnathobdella-ның; 1 - целом, 2 - құрсақ нерв тізбегі, 3 - 
құрсақ қан тамыры, 4 - ішек, 5 - арқа лакунасы, 6 - бүйір лакунасы, 7 - құрсақ лакунасы, 8 - 
арқа қан тамыры; Г - медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) көзінің құрылысы; 1 - 


ядро, 2 - көру клетканың сезгіш таяқшасы, 3 - көру клеткасы, 4 - пигмент, 5 - көру 
нервтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет